Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің жетекшісі

"Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 6 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
413

   Конкурс туралы
Талаптар
Білім - жоғары қаржы-экономикалық, заңдық немесе инженерлік-техникалық.
Мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі - ірі өндірістік кәсіпорындарда тәуекелдерді басқару саласында кемінде 6 жыл, сәйкес профиль бойынша басқарушылық тәжірибесі кемінде 3 жыл халықаралық стандарттарды білуімен
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
  • экологиялық аспектілердің тізімі, өз бөлімшесіндегі қауіптер мен тәуекелдер реестрі және халықаралық стандарттардың талаптары ISO 9001:2015 – «Сапа менеджменті жүйесі», ISO 14001:2015 – «Экологиялық менеджмент жүйесі»; ISO 45001:2018 – «Еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау менеджменті жүйесі»; ISO 50001-2011 – «Энергетикалық менеджмент жүйесі»;
  • корпоративтік тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі процестері мен принциптері, ішкі бақылау жүйесі, қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесі;
    1. Тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау және қызметтің үздіксіздігі функциясының тиімді жұмысын қамтамасыз ету.
    2. Тәуекелдерді басқару, ішкі бақылау жүйесі, қызметтің үздіксіздігін басқару саласында саясаттарды, процедураларды, әдістемелерді және стандарттарды әзірлеуді, жаңартуды және жетілдіруді қамтамасыз ету, оларды енгізу және сақтау, тәуекелдерді басқаруды үздіксіз жақсарту және кәсіпорынның тәуекелдерін басқаруды қамтамасыз ету мақсатында.
    3. Басқару және бақылау немесе ұйымдастыру:

    - тәуекел мәдениетін дамыту бойынша жалпы жоспарды әзірлеу және іске асыру, тәуекелдерді алдын алу және минимизациялау, кәсіпорынның тәуекел мәдениетін дамыту және қолдау мақсатында үздік халықаралық тәжірибені зерттеуді ұйымдастыру.

    - кәсіпорынның тәуекел аппетитінің құрылымын қалыптастыру және келісу мерзімдерінің қатаң сақталуы, соның ішінде тәуекелдер шегін анықтайтын тәуекел төзімділігін белгілеу, белгіленген тәртіпте тәуекел аппетитін бекіту, сондай-ақ тәуекел деңгейлерін бақылау.

    - тәуекел параметрлерінің өзгеру динамикасын бақылау және мониторинг жүргізу, тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың және бақылау процедураларының тиімділігін бақылау, кәсіпорын бойынша тәуекелдер туралы деректерді консолидирлеу және тәуекелдер бойынша директорлар кеңесіне тоқсандық есептерді қалыптастыру, кәсіпорынның тәуекел деңгейі туралы компания басшылығын уақтылы және толық ақпараттандыру мақсатында басқарушылық шешімдер қабылдау.

    - ішкі бақылау жүйесін координациялау, соның ішінде кәсіпорын бойынша ішкі бақылау жүйесін (ІБЖ) әзірлеу, енгізу, мониторинг, талдау және үздіксіз жетілдіру, тәуекелдер мен тәуекел факторларының иелеріне тәуекелдер мен бақылаулар матрицаларын әзірлеу/жаңарту бойынша көмек көрсету, кәсіпорын бойынша процесс деңгейіндегі анықталған тәуекелдерді уақтылы және адекватты бақылауды қамтамасыз ету мақсатында ІБЖ-нің жұмысын мониторинг және бақылау.