"ҚТЖ" ҰК "АҚ -" Семей магистральдық желі бөлімшесі "филиалының Аягөз сигнал беру және байланыс дистанциясының автобұғаттау, электрлік орталықтандыру құрылғыларына қызмет көрсету учаскесінің бастығы
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Цехтың өндірістік-шаруашылық қызметіне басшылық жасайды;
- СОБ құрылғыларын, техникалық құжаттарды, қызмет көрсету технологияларын және пойыз қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде техникалық нұсқауларды Нұсқаулықтарға сай тексеріп қарайды;
- Өзінің қарамағындағы учаскеде жоспарланған тапсырмаларды, технологиялық үдеріс кестесінің сапалы орындалуын бақылайды.
- Өзінің қарамағындағы учаскеде бригада механиктарына және аға механиктарға басшылық жасайды.
- Өзіне тапсырылған учаскеде СОБ құрылғыларына технологиялық үдеріс кестесі бойынша техникалық қызмет көрсету жұмыстары бойынша тікелей бақылауда ұстайды.Қолданыстағы Нұсқаулықтардың талаптарына сай техникалық құжаттардың сәйкестігін тексереді.
- Өзінің қарамағындағы учаскеде техникалық сабақтарды ұйымдастырып, мерзімді түрде өткізеді.
- Учаскеде жабдықтардың және басқада негізгі құралдардың техникалық дұрыс пайдалануын, олардың уақытылы жөнделуін, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етеді.
- Жұмысшылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін, өндірістік және еңбек тәртібін, ішкі еңбек ережесінің талаптарының орындалуына жауап береді.
- Өзінің қарамағындағы учаскеде СОБ құрылғыларынан болған ақауларды уақытылы және сапалы жойылуын ұйымдастырады.
- Рационализация жұмыстарын ұйымдастырады, учаскеде рационализаторлық ұсыныстардың дамуына және рәсімделуіне көмек көрсетеді.
- Учаскеде құрылғыларға, ғимараттарға жөндеу жұмыстарын анықтайды, өзінің жұмыс жоспарын жалпы жөндеу жоспарына қосу үшін дистанция басшылығына ұсыныс жасайды.
- Жыл сайынғы құрылғыларға қызмет көрсету бойынша жоспар-кестесін құруға тікелей қатысадыЖұмысшыларының жарамды құрал-саймандармен, арнайы киімдермен қамтамасыз етілуін бақылауға алады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі )/орта техникалық;
- Мамандығы: Темір жол көлігіндегі автоматтандыру және басқару, Темір жол көлігіндегі радиотехника, электроника және телекоммуникация, Темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс.
- Жұмыс тәжірибесі: жоғары білімі бар болған кезде қызмет бейіні бойынша аға электр механигі лауазымында кемінде 1 жыл/орта техникалық білімі болған кезде кемінде 3 жыл электр механигі лауазымында.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж