«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «ЖТ Қарағанды бөлімшесі» Нод-4 филиалының тасымалдауды ұйымдастыру және шарттары бөлім бастығының орынбасары

475160 - 496368
НОД-4 (Карагандинское отделение ГП) Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
185

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Қолданыстағы нормативтік-құқықтық құжаттардың талаптарына сәйкес станциялардың жүк объектілерінде қозғалыс қауіпсіздігін, тасымалданатын жүктердің сақталуын, жүк операциялары кезінде төлемдер мен алымдарды есептеудің толықтығын қамтамасыз ету бойынша филиал станцияларының жұмысын ұйымдастыру;
  • қауіпсіз тасымалдау жағдайларын филиал станцияларымен уақтылы тексеру бойынша бөлім жұмысын ұйымдастыру, қызметтік тексеру нәтижелері бойынша жедел кеңестер ұйымдастыру;
  • филиал станцияларымен жасалған, басқа филиалдардан келіп түскен коммерциялық актілерді, сондай-ақ жеткізу мерзімі бұзылған жағдайда жүк иелерінен түскен шағымдарды дер кезінде дайындау және тексеру бөлігінде акт-іздестіру, шағым жұмыстарын үйлестіру;
  • тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша «ВЖДО» АҚ филиалы Көліктегі ішкі істер желілік бөлімімен іс-шараларды жүргізу бойынша жетекші инженерлердің жұмысын ұйымдастыру.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі жоғары (немесе жоғары білімнен кейінгі) 
  • Мамандығы:  Көлікте (теміржол көлігі) тасымалдау, қозғалысты басқаруды және пайдалануды ұйымдастыру; Теміржол көлігінде жүк тасымалдау және коммерциялық жұмыс;  Теміржол көлігінде көлік логистикасы
  • Жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан кем емес, оның ішінде жетекші инженер (инспектор-ревизор) және тауар кассирі/жүк және багажды қабылдап тапсырушы лауазымдарында 1 жылдан кем емес еңбек өтілі болуы тиіс
Қосымша талаптар:
  • Жұмыс орны: «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Қарағанды ЖТ бөлімшесі» филиалы, Қарағанды - Сұрыптау станциясы

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр