"Қазақстан темір жолы-Жүк тасымалы" ЖЩС филиалы Ельтай 4 класс станциясының бойынша кезекшісі

от 230589
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Ауысым кестесі
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
283

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • еңбекті қорғау бойынша нысаналы нұсқама, қозғалыс қауіпсізілігі бойынша нсқама, станция басшылығынан ауысымға арналған жұмыс жоспарын алады
  • поездарды қабылдауға, жөнелтуге қатысты басшылық, нұсқаулармен және өкімдермен және станция бойнша кезекшілікті тапсыратын кезекшінің ақпаратымен, станцияның жол ережесімен, ДУ-58 нысанындағы диспетчерлік өкімдер журналында ДУ-2 нысанындағы поездар журналында ДУ-47 нысанындағы поездар телефонограммалар журналында жазбалармен танысады
  • уақтылы және қауіпсіз қабылдауды жүзеге асырады-жөнелту поездарды өткізу, маневрлік жұмыс жүргізу АСУ СТ және ГИД УРАЛ бағдарламасына ақпарат енгізе отырып
  • поездар қозғалысын ұыймдастыру мәселелері бойынша поездар диспетчерімен, көрші станциялардың кезекшілерімен, станцияға іргелес аралықтарда поездар локомотивтерінің машинистерімен байланысты жүзеге асырады
  • жөнелтілетін поездың машинисіне тасымалдау құжаттарын беруді жүзеге асырады
  • поезд диспетчерімен қабылдау-жөнелту жолдары сабағының тәртібі мен кезектілігін станциядағы поездық жағдайға байланысты жол, күштеу және байланыс энергиямен жабдықтау қашықтықтарының қызметкерлеріне терезелер беру тәртібін айқындайды
  • поейыздың номірін қозғалыс бағыты мен қабылдау жолдарын сондай-ақ станция бойынша маневрлік қозғалыстарды көрсете отырып, жолаушыларды, барлық қатысушы қызметкерлерді алдағы келу, жөнелту, поездарды өткізу туралы екіжақты саябақ байланысы арқылы хабардар етеду
  • маневрлік локомотивтің вагондарды кірме жолға беру және жинау, вагондарды поездарға тіркеу және ағытып алу жөніндегі жұмысын ұйымдастырады, заттай парақ жасайды АСУ СТ (203,320,24, ДУ-1 және т б) және ГИД УРАЛ хабардһламаларды сенімді түрде жүргізеді
  • жолдар мен бағыттамалық учаскелердің жұмыспен қамтылуын бақылауға оларды поездарды қабылдау және жөнелту кезінде босату реттілігіне, сигналдарды қауталаушылардың көрсеткіштерінің уақтылы өзгеруіне, түймелердің қалыпты жағдайға оралуына ерекше назар аудара отырып, барлық құрылғыларды бақылайды

Біліктілік талаптары:

Білімі; жоғары және орта (кәсіби және техникалық), орташа
Мамандығы; тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі)
Жұмыс тәжірибесі: жоғары бойынша еңбек өтіліне талап қойылмай, орта техникалық және кәсіби бойынша поездар құрастырушы, поездар құрастырушының көмекшісі, сигнал беруші, кезекші бағыттамалық посты, станция операторы лауазымдарында кемінде 1 жыл, орташа бойынша поездар құрастырушы, поездар құрастырушының көмекшісі, сигнал беруші, кезекші бағыттамалық посты, станция операторы лауазымдарында кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Орташа білім
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Орташа)
  • Орыс тілі (Озат)