Павлодар стансасындағы қалпына келтіру пойызының (1-топ) жүктерге және арнайы вагондарға ілесіп жүру жөніндегі жолсерігі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Жылжымалы құрамның материалдық құралдарын, өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды, жабдықтарды, инвентарды сақтауды қамтамасыз ету.Қалпына келтіру поезы бастығының және оның орынбасарының рұқсатынсыз қалпына келтіру поезы аумағына бөгде түлғаларды, сондай-ақ автомашиналарды жібермеу.
Вагондар мен үй-жайлардың жылыту жүйелерінде судың толық деңгейін, жылыту кезеңінде +17С температураны, қазандықтарда бір ауысымға арналған отын қорын (белгіленген сыйымдылық) ұстау.
Тәуліктің қараңғы уақытында поез аумағында жарықты және қалпына келтіру поезының вагондарында орнатылған жарықты қосу.
Қоршаудың, техникалық құралдардың зақымдалуы, материалдық құндылықтардың ұрлануы анықталған кезде қажетті шараларды дереу қолдану, филиалдың, қалпына келтіру поезының басшылығына, Филиал кезекшісіне және желілік полиция бөліміне болған оқиға туралы хабарлау.
Біліктілік талаптары:
Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
Саладағы мамандық: Көлік, көліктік техника және технологиялары, Автоматтандыру және басқару; Құрылыс (Темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы); Электрмен жабдықтау, Темір жол жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету; Автоматтандыру және басқару. Автоматика, телемеханика және теміржол көлігінде қозғалысты басқару, Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару
Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Орташа білім
- Колледж