Құбырлардың аға инженері

«ҚМГ Қарашығанақ» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 4 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
26

Қаралған саны:
1483

   Конкурс туралы
Білім және жұмыс тәжірибесі:
  • Сәйкес мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және құбырлық обвязка бойынша маман немесе инженер лауазымында кемінде 4 жыл жұмыс тәжірибесі.
Қажетті білім:
  • жер үсті мұнай-газ нысандарының бастапқы дайындау;
  • жобаның концепциясын таңдау, алдын ала жобалау, жұмыс жобасы, жобалауды аяқтау бойынша инженерлік-техникалық практика;
  • мұнай-газ саласындағы зауыттың құбырлық обвязкасы мен жабдықтарының схемасы, орналасуы;
  • құбырлардың классификациясы, техникалық деректердің анықтамалық құжаттары мен клапандар;
  • құбыр жүйелерін, клапандар мен тіректерді анықтау әдістері;
  • құбыр жүйелерінің теориясы және практикалық қолдану;
  • қазақстандық және халықаралық нормалар, ережелер мен стандарттар, құбыр жүйесіне қатысты;
  • құбырлар саласындағы соңғы жетілдірулер мен озық тәжірибе.
Қажетті дағдылар:
  • техникалық есептерді құрастыру;
  • уақытты басқару дағдылары;
  • компьютерлік сауаттылық.
Негізгі функциялар:
  • Карачаганак кен орнындағы құбырлық обвязка жүйесінің жобалау целостығы мен техникалық бақылауын қамтамасыз ету.
  • Құбырлық обвязка жобалауындағы мәселелерді зерттеу.
  • Құбырлық обвязка жүйелеріне өзгерістер мен толықтырулар жобалау. Ұсынылған өзгерістер мен толықтырулар үшін алдын ала шығын сметаларын ұсыну.
Лауазымдық міндеттер:
  • КПО кестелеріне сәйкес тапсырылған жұмысты уақытында орындау. Жұмысқа: зерттеулер, ізденістер, техникалық-экономикалық негіздемелер, есептеулер; концептуалды жоба, жұмыс жобасы, изометриялық сызбалар мен құбырлық обвязка және жабдықтардың зауыт алаңындағы орналасу сызбаларын әзірлеу, инженерлік есептер мен жұмыс көлемдерін, сметаларды, материалдар мен жабдықтарды сатып алу үшін спецификацияларды дайындау кіреді.
  • Сыртқы жобалау институттары мен жобалау компанияларына тапсырылған құбырлық обвязка жобалауды бақылау, жұмыстың барысы мен сапасын жақсартуға ықпал ету.
  • Барлық тапсырылған жұмыстардың орындалу барысы туралы жетекші механикалық және құбырлық инженерге есеп беру.
  • Жобалар үшін қауіп-қатерді бағалау және қауіпті факторлар мен эксплуатациялық сипаттамаларды талдауға қатысу.
  • Инженерлердің жұмысына, жобалау және техникалық бақылау бөлімінде, сондай-ақ одан тыс жерде, әріптестік және аралық тексерулер жүргізу.
  • Құбырлық обвязка жобалауға тапсырылған жұмыстың жобалау тапсырмасының немесе техникалық тапсырманың шарттарына, сондай-ақ қолданылатын техникалық шарттарға, нормалар мен стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.
  • Эксплуатациялық шығындар мен жабдықтың стандартталуын ескере отырып, экономикалық тұрғыдан тиімді жобалар мен материалдарды таңдауды қамтамасыз ету.
  • Сатып алынатын құбырлардың, фитингтердің, клапандар мен қосымша материалдардың техникалық талаптарға сәйкестігін бақылау.
  • Модификацияланған немесе жаңа қондырғыларды салу және іске қосу командаларына құбырлық обвязка жобалауы бойынша техникалық қолдау көрсету.
  • Жобалауда қолдану үшін отандық және халықаралық озық тәжірибені зерттеу.
  • Жоғары сапалы, экономикалық тұрғыдан тиімді жобаларды және есептерді белгіленген мерзімде рәсімдеу.
  • Жобаларға сәйкес құрылыс үшін қажетті материалдарды анықтап, тапсырыс беру.
  • Техникалық бақылауды "Техникалық бақылау туралы ереже" бойынша қамтамасыз ету.
  • Басшылықтың / сызықтық менеджердің / тікелей басшының өкілеттігі шегінде басқа тапсырмаларды орындау.
Қосымша ақпарат:
  • Ағылшын тілі деңгейі Intermediate (ағылшын тілінде келіссөздер жүргізу)
  • Вахталық әдіспен жұмыс - 28/28.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташа)
  • Қазақ тілі (Орташадан жоғары)
  • Орыс тілі (Озат)