Аға талдаушы, Инновациялық экожүйені дамыту және өнеркәсіппен өзара әрекеттесу секторы
«Самғау» Ғылыми - Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Міндеттері:
- ақпаратты жинау, талдау және синтездеу арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ тобының және/немесе Орталықтың ғылыми-техникалық және инновациялық қызметі бойынша ақпараттық-талдау жұмыстарына қатысу;ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет мәселелері бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ жер қойнауын пайдаланушылармен және өнеркәсіптік кәсіпорындарымен өзара әрекеттесу;
- инновациялық, ғылымиөтехникалық қызмет мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу және (немесе) дайындауға қатысу;
- Қазақстан Республикасында және одан тыс жерлерде жоғары оқу орындарымен, ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік ұйымдармен, сондай-ақ даму институттарымен инновациялық саладағы ынтымақтастықты орнату және дамыту;
- ҒЗТКЖ қаржыландыру және қолдау құралдарын ұсыну бойынша бизнес-процестерді жетілдіруге қатысу;
- ҒЗТКЖ жобаларын қаржыландыру бойынша конкурстардың мониторингі;
- сыртқы ұйымдармен және қоғаммен өзара әрекеттесу;
- ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға қатысу;
- жоба есептерін қарау процесін ұйымдастыру;
- Сектор құзыретіне жататын мәселелер бойынша ақпарат дайындау;
- инновациялық экожүйені қалыптастыру мен дамытуға, кәсіпкерлікті дамытуға қатысты мәселелер бойынша ұсыныстар әзірлеу және жұмысты үйлестіру.
Талаптар:
- Уран өндіру және өңдеу, ғылыми зерттеулер, коммерцияландыру, инвестициялау саласындағы білімі мен тәжірибесі;- Қазақстандағы немесе шетелдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірінде келесі бағыттар, техника және технология, жаратылыстану ғылымдары саласында алған жоғары білім;
- Магистр дәрежесімен, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі; немесе бакалавр немесе маман дәрежесі бар болса, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда мамандығы бойынша кемінде 5 жыл жұмыс өтілі;
- Мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, ғылыми-инновациялық ұйымдарда, сондай-ақ даму институттарында жұмыс тәжірибесінің болғаны жөн;
- Тілдерді еркін меңгеру: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі (кемінде Upper intermediate).
Шарттары:
- бес күндік жұмыс кестесі (аптасына 40 сағат);- АХҚО саясатына сәйкес еңбек қатынастары;
- әлеуметтік пакет;
- Қызықты жобаларға қатысу.
Қажетті қабілеттер
- - Коммуникабельность, ответственность, исполнительность
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Ағылшын тілі (Кәсіби)
- Қазақ тілі (Кәсіби)
- Орыс тілі (Кәсіби)