Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс жөніндегі инженер

«Инкай» БК» ЖШС Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
46

Қаралған саны:
1862

   Конкурс туралы

Лауазымдық жауапкершілік:

Лауазымдық міндеттері • Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және өртке қарсы қорғаныс жүйесінің басқару пункттерін техникалық басқару жүйелерінің, құлақтандыру мен байланыстың тұрақты әзірлігін қолдау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; • Кеніштің өртке қарсы қызметінің жұмысын күнделікті үйлестіру және мердігерлік ұйымдардың автоматты өрт дабылы жүйелеріне қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарына бақылау жүргізу; • Нысанның азаматтық қорғанысы мен халықты қорғау жоспарларын, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі нысанның іс-қимыл жоспарларын әзірлеу және түзету; • Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және өрт қауіпсіздігі, кеніштегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері бойынша құжаттарды әзірлеу; • Табиғи және техногендік сипаттағы жағдайларда үздіксіз қызмет жоспарын әзірлеу және жаңарту; • Апатты жою жоспарын (АЖЖ) әзірлеу және мерзімді жаңарту • Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеу және қайта қарау; • Өрт қауіпсіздігі мен эвакуация кезіндегі іс-қимылдарды оқытуды ұйымдастыру; • Жоспарға сәйкес кеніште өрт қауіпсіздігі мен азаматтық қорғаныстың жай күйін тұрақты тексеруді жүзеге асыру; • Жеке қорғаныс құралдарының, жабдықтардың жай-күйін есепке алуды жүргізу; • Кәсіби авариялық-құтқару қызметінің, сондай-ақ АҚ басқа да құралымдарының іс-қимылын үйлестіруді ұйымдастыру; • Компания қызметкерлеріне өрт қауіпсіздігі, азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою мәселелері бойынша жаңа құжаттардың, талаптар мен нұсқаулардың мазмұнын уақтылы жеткізу; • Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қаупі туралы сигнал алған кезде: - Түркістан облысы бойынша ТЖД Созақ ауданының басшы құрамын және төтенше жағдайлар бөлімін хабардар етуді ұйымдастыру; - өндірісте сақталатын жарылыс-өрт қауіпті заттарды азайту бойынша бақылауды ұйымдастыру; • Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде: - Компанияның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясының жұмысын ұйымдастыруға қатысу, Түркістан облысы бойынша ТЖД Созақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің мүшелерін қажетті құжаттармен қамтамасыз ету; • Төтенше жағдайлар жөніндегі органдармен (Созақ ауданының ТЖ бөлімі, Түркістан облысы бойынша ТЖД және ҚР ІІМ ТЖ Комитеті) тұрақты байланыста болу; • Объектіде зақымдану (қирау) ошақтарын барлауды ұйымдастыруға қатысу; • Түркістан облысы бойынша ТЖД Созақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп объектіде қалыптасқан жағдай туралы деректерді жинауға қатысу және құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге объектінің азаматтық қорғаныс басшысының шешімін дайындау; • Азаматтық қорғаныс, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі командалық-штабтық оқу-жаттығуларды (жаттығуларды) және басқа да оқу-жаттығуларды сценарийлерді әзірлеу, жоспарлау және өткізуді ұйымдастыру; • Өндірістегі ғимараттар мен құрылыстардың өртке қарсы жай-күйі мен конструктивтік ерекшеліктері, технологиялық процестердің өрт қауіптілігі, өртке қарсы сумен жабдықтаудың сипаттамасы, өтпе жолдардың жай-күйі, байланыс және сигнал беру туралы ақпаратты тұрақты қадағалау; • Қызмет барысында анықталған барлық сәйкессіздіктер туралы тікелей басшыға хабарлау, оларды жою жөнінде ұсыныстар енгізу не өз құзыреті шегінде іс-әрекеттер қабылдау; • Өрт қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша сәйкессіздіктер анықталған кезде жұмысты тоқтата тұру және оларды жою жөнінде нұсқаулар беру; • Жаңадан қабылданған жұмыскерлерге өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар өткізуді ұйымдастыру; • Олардың жай-күйінің белгіленген нормалар мен қағидаларға сәйкестігін айқындау үшін техникалық құралдардың, жабдықтардың жай-күйін тексеруді, сынауды және техникалық куәландыруды, сондай-ақ жұмыстарды орындау технологиясын жүргізуді ұйымдастыру, оларды пайдалануға қабылдауға немесе өндірісте қолдануға қатысу; • Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және өрттен қорғау жөніндегі жағдайларды талдау, тәуекел дәрежесін талдау, түзету іс-шараларының жоспарын әзірлеу, мерзімдерді айқындау, оларды жүргізуді үйлестіру; • Өртке, жануға, өртке байланысты оқиғаларға тергеу жүргізу және олардың алдын алу шараларын әзірлеу. • Оқиғалардан шығарылған қорытындылар бойынша өрт қауіпсіздігі және АҚ-қа қатысты бюллетень дайындау және басып шығару • Мемлекеттік қадағалау және бақылау органдарының қолданыстағы өрт қауіпсіздігі нормалары мен қағидаларының, өндіріс процесінде, сондай-ақ жаңа және реконструкцияланатын өндірістік объектілердің жобаларында еңбек қауіпсіздігі стандарттарының сақталуын орындауын бақылау; • Бюджетті дайындауға қатысу және материалдар мен қызметтерге өтінімдерді дайындау, шарттардың жобаларын қарау, • Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар және өрттен қорғау мәселелері бойынша құжаттарды (бұйрықтар, өкімдер, нұсқаулықтар және т. б.) әзірлеу; • Тікелей бастығы, Бас директордың, және қажетінше жедел, өндірістік, өзге кеңестердің және Компанияның басқа басшыларының жеке тапсырмалары мен қойылған міндеттерін өз уақытында орындау; • Өз құзыреті аясында жеке басының жұмыс беруші актілерін, саясаттар, ережелер, нұсқаулықтар және жұмыскердің еңбек қызметіне қатысты Компанияның басқа құжаттарын орындауын қамтамасыз ету; • Еңбек, ұжымдық шарттар, осы лауазымдық нұсқаулық, жұмыс беруші актілері және де Компанияның өзге бақыланатын құжаттарына сәйкес қойылған мақсаттарды, еңбек міндеттерін адал, уақтылы және сапалы орындау (тиісті көлемде және мерзімінде орындау мүмкіндігі болмаған жағдайда, немесе сұрақтар туындаған жағдайда жұмыскер тікелей бастығына хабарлауы тиіс және қажет болса, міндеттердің, тапсырмалардың және т.б. орындау мерзімін создыруға тиіс). • Еңбек шартын бұзу/тоқтату барысында Компанияға тиесілі құжаттар, материалдар және т.б. меншікті еңбек шарты талаптарына сәйкес және бекітілген тәртіпте тапсыру (қажет болған жағдайда). • Компанияның Бас директорына және/немесе Компаленс жөніндегі офицеріне және/немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ң «Жедел желісіне» дайындалып жатқан, жасалып жатқан немесе жасалған сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық туралы кез келген ақпаратты хабарлау. • Тікелей басшыға және Өрт қауіпсіздігі және азаматтық қорғаныс жөніндегі инженердің лауазымды міндеттеріне теріс әсер етуі мүмкін барлық ықтимал тәуекел оқиғалары туралы хабарлау. • .

Білім:

Жоғары техникалық білім - міндетті

Дағдылар:

• Орындалатын жұмыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңнамасы, нормативтік-құқықтық актілері және басқа да нормативтік құжаттары; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормалары; • Азаматтық қорғау, өндірістік және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ережелер мен нормалар; • Орындалатын жұмыс мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Заңнамасы, нормативтік-құқықтық актілері және басқа да нормативтік құжаттары; • Орындалатын жұмыстың тиісті мәселелеріне қатысты әдістемелік материалдар; • Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының негіздері; • Азаматтық қорғаныс және өндірістік қауіпсіздік, сондай-ақ азаматтық қорғау саласындағы ережелер мен нормалар; • Жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғау қағидаларының негіздері; • Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау қағидалары мен нормалары; • "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; • Уранды геологиялық барлау, өндіру және қайта өңдеу кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары; • "Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы; • Қазақстан Республикасының санитариялық қағидалары мен өнеркәсіптік гигиена нормаларының негізгі ережелері; • Кәсіпорын өнімдерін өндірудің технологиялық процестері мен жабдықтарының негізгі өрт қауіптілігі; • Төтенше және/немесе дағдарыстық жағдайларда әрекет ету; • Өнеркәсіптік қауіпсіздікке, денсаулық пен қоршаған ортаны қорғауға байланысты Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік актілері; • Кәсіпорындарда азаматтық қорғау жөніндегі ережелер мен нормаларды әзірлеуге қойылатын талаптар; • Тексерулер мен аудиттерді жүргізу тәртібі мен әдістемесі; • Кәсіпорын өнімдерін өндірудің негізгі технологиялық процестері; • Кәсіпорында қолданылатын жабдықты пайдалану ерекшеліктері; • Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жүзеге асыру, осындай тергеп-тексерудің нәтижелерін ресімдеу қағидалары; • Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар (АҚ және ТЖ) бойынша насихаттау мен ақпараттың әдістері мен нысандары; • Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар (АҚ және ТЖ) жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері.

Қосымша:

-

Білетін тілдер:

• Қазақ тілі – еркін меңгеру; • Орыс тілі – еркін меңгеру; • Ағылшын тілі-бастапқы деңгей;