"ҚТЖ" ҰК" ақ филиалы - "Қарағанды магистральдық желі бөлімшесі" -Жана-Арқа сигнализация және байланыс дистанциясының Туйемойнак-Жезқазған телімінің СОБ құрылғыларына қызмет көрсету тобының СОБ аға электромеханигі

328286 - 347796
Жанааркинская дистанция сигнализации и связи Қарағанды облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
212

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

өз құзыреті шегінде қызмет көрсетілетін учаске шекараларында теміржол учаскелері бойынша поездар қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
Техниалық қызмет көрсету жоспарлары-кестелері және белгіленген тәртіппен бекітілген басқа да жоспарлар бойынша электромеханиктер мен электромонтерлердің жұмысын ұйымдастырады,СОБ құрылғыларының дұрыс және үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді;

СОБ құрылғыларының жай күйін,электромеханиктер мен электромонтерлердің жұмыстарды орындау және рәсімдеу ережелерін сақтауын тексереді:

            - теміржол станцияларында,оның ішінде оларда орналасқан станцияларда

            қозғалыстар-айына кемінде бір рет ;

            - аралықтарда-жылына кемінде екі рет;

            -аралықтарда орналасқан өткілдердегі автоматика құрылғылары-тоқсанына кемінде бір рет;
СОБ құрылғыларының жай-күйін комиссиялық немесе жеке тексеру нетижесінде анықталған және актілерде,тексеру журналдарында және басқа құжаттарда белгіленген кемшіліктерді электромеханиктер мен электромонтерлердің уақытыл жоюында практикалық көмек ұйымдастарыды және көрсетеді,сондай-ақ сенімділікті арттыру және СОБ құрылғыларының жұмысынан бас тарту жағдайларының қайталануын болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды орындау т.ж. станцияларында СОБ құрылғыларын айлық және басқа да комиссиялық тексеруге қатысады,
цех(бригада)шегінде СОБ құрылғыларын реконструкциялау кезінде қолданыстағы нұсқаулықтар мен нұсқауларға сәйкес орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасын тексереді ;

Біліктілік талаптары:

Білімі: жоғары,орта-кәсіптік,белгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық.

Мамандығы:Теміржол көлігіндегі автоматика,телемеханика және байланыс.Радиотехника , электроника  және телекоммуникация.Автаматтандыру және басқару. Теміржол көлігіндегі автоматика,телемеханика және қозғалысты басқару.

Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: белгі беру және байланыс дистанциясында  электромеханик лауазымында кемінде 1 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж