«Кедентранссервис» АҚ филиалының Достық станциясының басшы инженері

от 795125
Филиал АО "Кедентранссервис" по ст. Достык Алматы облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан 6 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
8

Қаралған саны:
165

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Контейнерлер, Вагондар және жүк көтергіш техника паркін жаңарту жоспарларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
  • Материалдармен, отынмен қамтамасыз ету, сондай-ақ негізгі құралдарды (вагондарды, контейнерлерді, жүк көтергіш техниканы, ғимараттар мен құрылыстарды, автокөліктерді, терминалдық объектілерді, өзге де негізгі құралдарды) жөндеу, ұстау және қызмет көрсету жөніндегі шығыстарды бақылайды.
  • Жабдықтың барлық түрлерінің апатсыз және сенімді жұмысының сақталуын қамтамасыз етеді.
  • Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нормалардың сақталуын, сондай-ақ қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және өндіріс мәдениетін арттыру, табиғат қорғау, санитарлық, техникалық қадағалауды жүзеге асыратын органдардың талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.
  • Жүк терминалының электр, су, жылу, коммуникациялық жүйелері мен кәріз желісінің сапалы және жарамды жұмысын қамтамасыз етуді ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады.
  • Күрделі құрылыс және рем жоспарларының сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.


Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Көлік көлік техникасы және технологиялары (Вагон және вагон шаруашылығы;локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану.
  • Жұмыс тәжірибесі: басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл, оның ішінде: еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің бастығы лауазымдарындағы жұмыс тәжірибесі


Қосымша талаптар:

  • Белгіленген талаптарға сәйкес техникалық құжаттаманы жүргізу материалдарды, қосалқы бөлшектерді сатып алуға өтінімдерді дұрыс жасау;
  • Microsoft Office, Word, Excel бағдарламаларымен жақсы жұмыс істеу дағдылары; PowerPoint, Outlook, Lotus Notes, Skype электрондық пошта бағдарламалары.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр