«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС филиалының Достық станциясының АБЖ секторының 2-санатты Инженер - технологы- «БП Алматы бөлімшесі»
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Станцияның есептеу техникасының бақылау және жай-күйін есептеу, тексері. АСОУП – ға қате деректердің енгізілуін бақылау және жедел шаралар қабылдау, алдын алу, жою;
- станцияның бөлімдеріне таратылатын материалдарды бақылау, сақтау және таратуды қадағалау (бояғыш ленталар, тонерлер және т. б.). Есептеуіш техника құралдарындағы ақауларды жедел жояды;
- бақылауды жүзеге асыру үздіксіз жұмыс Пайдаланушылардың үздіксіз жұмыс жасауын бақылауды жүзеге асырады;
- АСОУП жүйесіне қате жіберілген ақпараттарды қалпына келтіру бойынша шұғылшара қолданады;
- АСОУП, АСУДКР, ЭДО, ГИДУРАЛ, АСУ МР, Е-Телеграмм жүйелерімен жұмыс жасайтын қолданушылардың үздіксіз, кедергісіз жұмыс атқаруын қадағалайды;
- станцияның орг.техникалары мен компьютерлік техникаларын жұмыс орындарына бөліп таратады және есеп жүргііп отырады;
- станцияның барлық есептеу техникаларына рұсатсызадарың кіруінен, компьютерлік вирустардың жүйеге енуінен қорғау жұмыстарының жүргізілуін ұйымдастырады;
- информациялық қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары; (жоғары оқу орнынан кейінгі);
- Мамандығы: Жүк тасымалын ұйымдастыру және транспорттағы қозғалысты басқару (темір жол транспорты);
- Жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан кем емес, оның ішінде поезд диспетчері, станция кезекшісі, станцияның инженері (станциянылық ТРА, АСУ және технолгиялық процесі бойынша), поездық ақпараттарды және тасымалдау құжаттарын өңдейтін станциялық технологиялық орталығының бастығы, тасымалдау құжаттарын өңдеу жөніндегі операторы.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы