Қарағанды филиалының телекоммуникация бөлімі – Қарағанды қ. Назарбаев д.64/1 Магистральдық байланыс желілері тобының инженері

Энергоинформ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
159

   Конкурс туралы
Міндеттері:

1) магистральдық байланыс желілерінің жабдықтарына жедел және жоспарлы қызмет көрсету;
2) телекоммуникация құралдарының зақымдануын тез анықтауға және жоюға тікелей қатысу және қажетті шаралар қабылдау;
3) бекітілген жабдықтың техникалық құжаттамасын (схемалар, төлқұжаттар, журналдар, нұсқаулықтар және т. б.) ресімдеу;
4) жаңадан енгізілетін жүйелік және жүйеаралық байланыс арналарын, кабельдік және әуе байланыс желілерін монтаждауға, баптауға және сынауға қатысу;
5) филиалдың өндірістік бөлімшелері мен қызметкерлеріне оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық көмек көрсету;
6) телекоммуникация құралдарын техникалық пайдалану деңгейін арттыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысу;
7) бірінші кезекте диспетчерлік байланыс арналары мен телемеханика арналарын қалпына келтіру шараларын қабылдау;
8) телекоммуникация жабдықтарында тәуліктің кез келген уақытында, демалыс және мереке күндері авариялық жұмыстар жүргізу (үстеме жұмыс, түнгі және демалыс күндеріндегі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы Еңбек кодексіне сәйкес регламенттеледі);
9) Қоғамның жарғысында көзделген қызмет түрлеріне сәйкес аппаратура мен жабдыққа жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыру.

Талаптар:

- Энергетика, ақпараттық технологиялар немесе телекоммуникация саласындағы мамандығы бойынша жоғары кәсіптік білім;
- Жұмыс өтілі 1-3 жыл;
- ДК-де, ұйымдастыру техникасымен жұмыс істеу, MS Office базалық бағдарламаларымен (Access, Excel, Power Point, Word, WordPad, Visio), электрондық хат-хабарларды жіберу-алуға арналған бағдарламалармен (Outlook Express), әртүрлі интернет-браузерлермен жұмыс істей білу;
Төмендегілердің кез келгені:
- Жоғары жиілік аппаратурасына қызмет көрсету саласындағы тәжірибе;
- ТОБЖ қызмет көрсету саласындағы тәжірибе;
- тағыздағыш жабдықтар қызмет  көрсету саласындағы тәжірибе;   
- кабельдік байланыс желілері  (КБЖ) қызмет көрсету саласындағы тәжірибе .