«ҚТЖ» ҰК» АҚ - «Жамбыл магистральдық желі бөлімшесі» филиалы Шу машиналандырылған жол дистанциясының Шу-2 станциясының өндірістік учаскесінің инженері (технологы)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- АҚ филиалы, бөгде және аффилиирленген кәсіпорындар үшін күрделі жөндеу учаскесінде жол машиналарының жұмысының есебін жүргізеді, ауысымдық есептер бойынша жиынтық ведомостар құрастырады.
- жолдарды күрделі жөндеу бойынша есептерді апта сайын уақытылы ұсынады;
- еңбек жағдайларын жақсарту, еңбекті қорғау және санитарлық-сауықтыру іс-шараларының кешенді жоспарын әзірлеуге қатысады.
- Еңбекті қорғау және санитарлық–сауықтыру іс-шараларын жақсарту бойынша кешенді жоспардың орындалуын қамтамасыз етеді және қарастырады. Еңбекті қорғау бойынша көктемгі-күзгі тексеру комиссиясына қатысады;
- техникалық оқуды және біліктілікті арттыруды ұйымдастыруға және өткізуге қатысады;
- жұмыскерлерді жеке қорғаныш құралдарымен, арнайы киіммен, арнайы сүтпен қамтамасыз ету үшін өтінімдер жасайды;
- учаске бастығының болмаған уақытында бастапқы, техникалық сабақтарға нұсқамалар жүргізу, жоспардан тыс, қайталама, нысаналы, әкімшілік тексерулер бойынша есепке алу журналын жүргізед;
- жол машиналары жұмыскерлерінің жұмыс уақытының күнделікті есебін жүргізеді;
- жол машиналары жұмыскерлерінің іссапарына өтінімдерді уақтылы ұсынады;
- қызметкерлердің медициналық куәландырылуын бақылайды және уақтылы қамтамасыз етеді;
- жол техникасын жөндеу, машиналар мен механизмдерді, бөлшектерді, қосалқы бөлшектерді, ыдыстарды дайындау бойынша материалдардың шығынын жүргізеді.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы; Көпірлер мен көлік тоннельдері; көлік техникасы мен технологиялары; көтеру-көлік, құрылыс-жол машиналары мен жабдықтарын техникалық пайдалану
- Жұмыс тәжірибесі: бейіні бойынша кемінде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр