Сметалық құжаттама және баға мониторингі департаментінің сметалар бойынша инженері
«Түркістан БГҚ» ЖШС Шымкент қ.- Құрылған күні:
-
18.03.2025
- Берілген өтінім:
- 5
- Қаралған саны:
- 2407
Міндеттері:
-
Сметалық құжаттаманы құрылыс шығындарын сметалық нормалау қағидаларын, негізгі мақсаттарын, принциптері мен жалпы құрылымын айқындайтын қолданыстағы нормалар мен ережелерге сәйкестігін талдау;
-
Жеке жобалық шешімдерді экономикалық бағалау және салыстыру;
-
Бөлінген инвестициялардың құрылымдық өзгерістеріне талдау жүргізу;
-
Мердігер ұйымдар әзірлеген сметалық құжаттаманың дұрыс жасалуын, оның қолданыстағы нормативтік құжаттарға, нұсқаулықтарға, әдістемелік нұсқауларға сәйкестігін тексеру;
-
Сараптамадан өткен сметалық құжаттаманы мердігер ұйымдардан қабылдау, тексеру және оны құрылыс мердігерлік ұйымдарына жұмыс істеуге беру;
-
Жаңа нормативтер, бағалар, прейскуранттар, каталогтар, жинақтар мен бірыңғай бағалар енгізілуіне байланысты сметалық құжаттамаға қажетті өзгерістерді уақтылы енгізу;
-
Сметалық құжаттаманы әзірлеу және мемлекеттік сараптамадан өткізу кезеңінде сүйемелдеу;
-
Сметалық құжаттама бойынша қажетті анықтамалар дайындау, құжаттардың мұрағаттық сақталуын қамтамасыз ету;
-
Қоғамның Департаменті қызметіне қатысты Басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- Жоғары техникалық білім;
- Құрылыста 3 жылдан астам жұмыс тәжірибесі;
- АВС-4kz бағдарламалық кешендерін білу.
Білуі және меңгеруі қажет:
- ҚР-ның сәулет-құрылыс қызметі саласындағы заңнамасы;
- Лауазым мамандануына сәйкес салалардағы құқықтық қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілері, сондай-ақ лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білімдер;
- Еңбек заңнамасы, ішкі еңбек тәртібі ережелері, еңбекті қорғау және қауіпсіздік, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі талаптары;
- ҚР-ның құрылыс саласындағы СНиП, ГОСТ, сметалық нормалары;
- Жобалау жұмыстарының құнын анықтау жөніндегі нормативтік құжаттар, құрылыс сметалық құнын анықтау тәртібі;
- ҚР-ның құрылыс нормалары: «Құрылысқа арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу, келісу, бекіту және құрамы тәртібі»;
- Жобалық, сметалық және басқа да техникалық құжаттамалармен жұмыс істеу тәжірибесі;
- Графикалық редакторлармен, мамандандырылған компьютерлік бағдарламалармен (АВС) жұмыс істеу дағдылары;
- Құндық көрсеткіштер бойынша есептілікті жасау дағдылары;
- Қолданыстағы нормативтер мен құрылыс саласындағы басқа да заңнамалық актілерді қолдану дағдылары.
Шарттар:
5/2, жұмыс кестесі 09: 00-18: 30, түскі ас 13: 00-14: 30
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру
Ұқсас вакансиялар
