«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Түркістан филиалының әскерилендірілген күзет ұйымы секторының 1 санатты маманы- инженер

от 364094
Туркестанский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
105

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Жүктерді ұрлаудың есебі мен талдауын жүргізу және талдамалық деректер негізінде профилактикалық жұмыстың сапасын арттыру бойынша ұсынымдар мен ұсыныстар дайындау
  • Филиалдың, Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелерінен өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты алу және сұрау
  • қызметті ұйымдастыру, ұрлықты есепке алу және тергеп-тексеру, есептілікті уақтылы ұсыну мәселелерінде құжаттаманың дұрыс жүргізілуіне бақылауды жүзеге асыру
  • Серіктестік пен Шымкент және Қызылорда қалаларындағы жүк тасымалы бөлімшелері сұратқан номенклатуралық жүктерді сақталмаған тасымалдау бойынша тергеп-тексеру құжаттары мен материалдарын ұсынудың сапасы мен уақытылы  дербес жауап беру
  • әдістемелік әдебиеттерді, құралдар мен нұсқаулықтарды іріктеуге және дайындауға қатысу, күзет қызметін ұйымдастыру және қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке құраммен техникалық сабақ өткізу
  • Қазақстан Республикасының еңбек заңнамаларын сақтай отырып, тәртіптік жаза қолдану бойынша бұйрықтар дайындау /тек коммерциялық ақаулар  жіберілген кезде мен материалдық өтемақылар келген кезде/ және персоналмен жұмыс жөніндегі кадрлар бөліміне бұйрықтардың түпнұсқаларын, ал көшірмелерін қаржылық, бухгалтерлік және салықтық есепке алу бөліміне уақтылы ұсынуды қамтамасыз ету
  • Серіктестіктің жергілікті актілеріне сәйкес Серіктестік қызметкерлері үшін белгіленген барлық құқықтар мен жеңілдіктерді пайдалану
  • өз құзыреті шегінде құжаттарға қол қою және бұрыштама  қою
  • ӘКҚҰ секторының жұмыс жоспарларын орындау және әзірлеу (айлық, тоқсандық, жылдық)
  • Филиалдың жұмыс жоспарларын орындау және әзірлеу (айлық, тоқсандық, жылдық)
  • Серіктестіктен түскен талаптарды орындау мақсатында, филиалдың кестесіне сай түнгі тексерістерге  шығу
  • АК/АТ қызметтерін қадағалау, олардың тарапынана түскен баянаттар мен қызметтік хаттарды бақылауға алу және орындалуын қадағалау

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары 
  • Мамандығы: Құқықтану; Құқықтану; әскери іс және қауіпсіздік; құқық қорғау қызметі; Көлік, көліктік техника және технологиялар; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Логистика; Автоматтандыру және басқару; Менеджмент; Ақпараттық жүйелер; Инженерлік жүйелер; Көлік құрылысы (темір жол құрылысы, жол және жол шаруашылығы)
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша не темір жол көлігінде /құқық қорғау және арнаулы органдарда немесе Мемлекеттік басқару органдарында күзет қызметін ұйымдастыру жөніндегі қызметте кемінде 2 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр