"Әскерилендірілген теміржол күзеті"ЖШС Атырау филиалының Бейнеу станциясындағы атқыштар командасы бастығының орынбасары

от 374834
Атырауский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Атырау облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
12

Қаралған саны:
513

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Әскерилендірілген теміржол күзетінің атқыштар бөлімшелерінде әскерилендірілген күзетті ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес номенклатуралық жүктерді күзетпен сүйемелдеу бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • теміржол көлігінің әскерилендірілген күзетімен қорғалатын жасанды құрылыстарда, зауыттарда, кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда өткізу режимі қағидаларының талаптарына сәйкес өткізу режимін ұйымдастырады және бақылауды жүзеге асырады;
  • күн сайын ауыспалы атқыштар тобының тәуліктік ведомостарын, ХУ-1 нысандарын, маршруттық парақтарды өңдейді, күн сайын атқару кестесін жүргізеді. Бір айға алдын-ала кесте жасайды. ФТУ-4 нысанындағы жұмыс уақытын есепке алу табелін жүргізеді;
  • тәуліктік наряд қызметінің өтуін тексеру үшін желілік станцияларға шығады және тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды жергілікті жерлерде ұйымдастырады;
  • тәуліктік ауысым күзетшілерінің арнайы құралдарымен, сонымен қатар қызметтік қарумен қамтылғанын бақылайды.


Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары
  • Мамандығы: Юриспруденция; Құқықтану; Әскери іс және қауіпсіздік; Құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану. Әскери басқару; Тасымалдауды ұйымдастыру және көліктегі қозғалысты басқару (салалар бойынша); Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару; Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану, жөндеу және техникалық қызмет көрсету (түрлері бойынша); Локомотивтер және Локомотив шаруашылығы; Электр және электромеханикалық жабдық; Құрылыс; Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау; Өрт қауіпсіздігі; Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникация); Автоматтандыру және басқару; Ақпараттық жүйелер.
  • Жұмыс өтілі: қызмет бейіні бойынша.немесе темір жол көлігінде күзет қызметін ұйымдастыру бойынша қызметте кем дегенде 3 жыл 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр