"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-"ЖТ Ақмола бөлімшесі" (НОД - 1)филиалының Курорт-Бурабай пайдалану вагон депосы учаскесінің (1-топ) шебері

от 198490
ВЧД-34 КУРОРТ-БОРОВСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ВАГОННОЕ ДЕПО 2 группа Щучинск қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
1

Қаралған саны:
84

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттері:
  • Өндірістік ғимаратты дұрыс күтіп ұстауға, шаруашылықты қысқы жағдайларда жұмысқа уақтылы дайындауға және технологиялық жабдықтарды, электр – жылумен жабдықтау құрылғыларын, коммуникацияларды, құрылыстарды дұрыс пайдалануға жауапты.
  • Вагондарды уақтылы сапалы жөндеуді, еңбек өнімділігін арттыруды, вагондарды жөндеудің өзіндік құнын төмендетуді қамтамасыз етеді
  • Жөндеу аяқталғаннан кейін вагондарды қабылдауды жүзеге асырады, Ву-36, ВУ-22 нысаны туралы хабарлама жазады, доңғалақ жұптарын, бүйір қабырғаларын, үстіңгі арқалықтарды ауыстырған кезде жиынтық парағын толтырады.
  • Қауіпсіз еңбек жағдайлары мен қауіпсіздік техникасының талаптарын, санитарлық тұрмыстық жағдайлардың сақталуын және еңбекті қорғауды қамтамасыз ететін жұмыс орындарының күтіп-ұсталуына бақылау жүргізеді.
  • Өлшеу құралдарының жарамдылығын, уақтылы тексерілуін бақылайды және тексереді, ағымдағы жөндеу құралдарын есепке алу журналы мен есепке алу карточкаларын жүргізеді.
  • Жұмыста таңбаланбаған және жарамдылық мерзімі өткен қосалқы бөлшектер мен материалдарды пайдалануға жол бермеуді қамтамасыз етеді
  • ВУ -53, ВУ – 38, ВУ-39, Ву – 68 журналдарын жүргізеді.
  • Ағымдағы жөндеудің технологиялық процесінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады
  • Өрт қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жауапты.
  • Ауысымға түсер алдында ағымдағы жөндеу қызметкерлерімен планерлік кеңес өткізеді, онда жұмыс орындаушыларын келіп түскен Бұйрықтармен және телеграф нұсқауларымен таныстырады, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқама жүргізеді
  • Тауар-материалдық қорларды, қосалқы бөлшектерді дұрыс пайдаланғаны және есептен шығарғаны үшін жауап береді,ай сайын материалдық есепті дайындайды және тапсырады.
  • Ағымдағы жөндеу шебері 3 жұмыс күні ішінде жоспарлы-экономикалық бөлімнің қызметкеріне ағымдағы жөндеуден өткен әрбір вагон бойынша бастапқы құжаттарды (ВУ – 23, ВУ-22, ВУ-36, жөндеуге дейін және жөндеуден кейін 2612, 2731 анықтамаларды, қол қойылған және мөр басылған доңғалақ жұптарын бұру актілерін) ұсынады.
  • Ағымдағы жөндеу шебері козловой кранды тексереді және краншының вахталық журналын толтырады.
  • Жүк көтергіш механизмдерді тексереді және жүк көтергіш механизмдерді тіркеу журналын жүргізеді.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көлік техникасы және технологиялар (вагондар)
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл, оның ішінде вагондарды тексеруші лауазымында кемінде 1 жыл

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр