Талдаушы, Инновациялық экожүйені дамыту және өнеркәсіппен өзара әрекеттесу секторы

«Самғау» Ғылыми - Технологиялық Бастамалар Орталығы» Қоры Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
18

Қаралған саны:
7089

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • ақпаратты жинау, талдау және синтездеу арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ тобының және/немесе Орталықтың ғылыми-техникалық және инновациялық қызметі бойынша ақпараттық-талдау жұмыстарына қатысу;
  • инновациялық, ғылыми-техникалық қызмет мәселелері бойынша ішкі құжаттарды әзірлеу және (немесе) дайындауға қатысу;
  • кіріс хат-хабарлармен, құрылымдық бөлімшелерден түскен сұраныстармен жұмыс, Сектор құзыретіне жататын хаттарға уақтылы жауап беру;
  • Сектор құзыреті шегінде Орталықтың даму жоспарының және/немесе стратегиялық жоспарының міндеттері мен іс-шараларының орындалуы туралы есепті ақпаратты дайындау және ұсыну;
  • Сектордың жетекшілік ететін мәселелері бойынша құжаттарды «Самұрық-Қазына» АҚ және/немесе Орталықтың басқару органдарының қарауына және/немесе бекітуіне, бекітуіне енгізу үшін дайындау;
  • ҒТК шешімдерінің орындалуын хаттарға жауаптардың уақтылы берілуін бақылау бақылау;
  • ұсыныстарды әзірлеу және инновациялық қызметті қолдау құралдарын енгізуге қатысты мәселелерді одан әрі пысықтау.

Талаптар:

- Қазақстандағы немесе шетелдегі жетекші университеттердің бірінде қаржы, экономика, құқық сияқты салаларда алған жоғары білім;

- Магистр дәрежесімен, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда 1 жылдан кем емес жұмыс өтілі; немесе бакалавр немесе маман дәрежесі бар, нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 3 жыл кәсіби жұмыс өтілі;

- Мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда, ғылыми-инновациялық ұйымдарда, сондай-ақ даму институттарында жұмыс тәжірибесінің болғаны абзал;

- Тілдерді еркін меңгеру: қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруі (кемінде Upper intermediate).

Шарттары:

- бес күндік жұмыс кестесі (аптасына 40 сағат);
- АХҚО саясатына сәйкес еңбек қатынастары;
- әлеуметтік пакет;
- Қызықты жобаларға қатысу.

Қажетті қабілеттер

  • - Коммуникабельность, ответственность, исполнительность

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Кәсіби)
  • Қазақ тілі (Кәсіби)
  • Орыс тілі (Кәсіби)