Инженер по охране труда, техники безопасности и промышленной безопасности
«Казақтүрікмұнай» ЖШС Ақтөбе қ.Қызметтік міндеттерді орындау үшін қажетті білімдер:
-
Қазақстан Республикасының заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілері, еңбекті қорғау мәселелері бойынша әдістемелік материалдар;
-
өндірістің негізгі технологиялық процестері;
-
жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттеу әдістері;
-
еңбекті қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
-
еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі;
-
жұмыстардың ауырлық санатына байланысты қызметкерлерге қойылатын психофизиологиялық талаптар, әйелдердің, жасөспірімдердің және жеңіл еңбекке ауыстырылған жұмыскерлердің еңбегін қолдануға шектеулер;
-
ұйым қолданатын жабдықтарды пайдалану ерекшеліктері;
-
жабдықтардың техникалық жай-күйінің қауіпсіз жұмыс жүргізу талаптарына сәйкестігін бақылау ережелері мен құралдары;
-
еңбек қауіпсіздігі жөніндегі отандық және шетелдік озық тәжірибе;
-
еңбекті қорғау бойынша үгіт-насихат және ақпараттандыру әдістері мен түрлері;
-
еңбекті қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуы туралы есептілікті жасау тәртібі мен мерзімдері;
-
өндіріс, еңбек және басқаруды ұйымдастыру мен экономика негіздері;
-
қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау қағидалары мен нормалары.
Функционалдық міндеттері:
-
Серіктестік бөлімшелері мен мердігер ұйымдарда еңбек қорғау бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілердің сақталуын, сондай-ақ еңбек жағдайларына байланысты қызметкерлерге белгіленген жеңілдіктер мен өтемақылардың берілуін бақылауды жүзеге асырады;
-
жұмыс орындарындағы еңбек жағдайларын зерттейді, қорғаныс техникасының, сақтандыру және бұғаттау құрылғыларының неғұрлым жетілдірілген құрылымдарын, зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын басқа да құралдарды әзірлеу мен енгізу бойынша ұсыныстар дайындайды және енгізеді;
-
санитариялық-эпидемиологиялық талаптар заңнамасының орындалуын қамтамасыз етеді;
-
серіктестік пен мердігер ұйымдар объектілерінде өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне, барлық жұмыс түрлерінің қауіпсіз жүргізілуіне жедел бақылау жүргізеді және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе апатқа әкелуі мүмкін бұзушылықтар анықталған жағдайда, машиналар мен жабдықтарды пайдалануды және учаскелерде, жұмыс орындарында жұмыстарды жүргізуді тоқтату шараларын қабылдайды;
-
санитариялық-эпидемиологиялық, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік нормаларының орындалуын бақылайды;
-
адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жағдайда жеке объектілерде, машиналарда, механизмдерде, станоктарда, жабдықтарда жұмысты жүргізуге тыйым салады. Қауіпсіздік ережелері мен нормаларын бұзған тұлғаларды жұмыстан шеттетеді;
-
төтенше жағдайлар бойынша жоғары тұрған ұйымдарға ұсыну үшін белгіленген тәртіпте есептерді дайындайды;
-
құжаттарды қабылдауды, тіркеуді, жүйелеуді, сақтауды және пайдалануды қамтамасыз етеді. Келіп түскен және жөнелтілетін хат-хабарларды уақытылы өңдейді;
-
ғимараттар, құрылыстар, жабдықтар, машиналар мен механизмдердің техникалық жай-күйін тексеру, желдету жүйелерінің тиімділігін, санитарлық-техникалық құрылғылардың, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлардың, ұжымдық және жеке қорғану құралдарының жай-күйін тексеру, олардың еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілер талаптарына сәйкестігін анықтау бойынша тексерулерге қатысады және қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін немесе апатқа әкелуі мүмкін бұзушылықтар анықталған жағдайда, машиналар мен жабдықтарды пайдалануды, цехтарда, учаскелерде, жұмыс орындарында жұмыстарды жүргізуді тоқтату шараларын қабылдайды;
-
арнайы кәсіпорындарды тарта отырып, жұмыс орындары мен өндірістік жабдықтарды еңбекті қорғау талаптарына сәйкестігіне аттестаттау және сертификаттау жұмыстарын жүргізеді;
-
кәсіби аурулар мен өндірістік жазатайым оқиғалардың алдын алу, еңбек жағдайларын жақсарту және оларды еңбекті қорғау жөніндегі нормативтік құқықтық актілерде көзделген талаптарға дейін жеткізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады және әзірленген іс-шараларды орындауға ұйымдастырушылық көмек көрсетеді;
-
жабдықтар, машиналар мен механизмдердің жай-күйіне қажетті сынақтарды және техникалық куәландыруды, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар параметрлерін өлшеу кестелерінің сақталуын, өндіріс процесінде қолданыстағы нормалар, ережелер мен нұсқаулықтар, еңбек қауіпсіздігі стандарттары сақталуын, сондай-ақ жаңадан салынатын және қайта жаңартылатын өндірістік объектілер жобаларында еңбекті қорғау талаптарының орындалуын, олардың пайдалануға қабылдануына қатысуды бақылайды;
-
жұмысшыларға еңбек міндеттерін орындау кезінде келтірілген жарақаттар, кәсіби аурулар немесе басқа да денсаулығына зиян келтіру жағдайларында жұмыс берушінің өтемақы төлеу мәселесін қарауға қатысады;
-
цехтар мен объектілерге міндетті медициналық тексеруден өтуі тиіс мамандықтар мен лауазымдар тізімдерін жасауға, сондай-ақ ауыр, зиянды немесе қауіпті еңбек жағдайлары үшін жеңілдіктер мен өтемақылар берілетін мамандықтар мен лауазымдар тізімдерін жасауға, еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтарды, еңбек қауіпсіздігі стандарттарын әзірлеу және қайта қарау, нұсқаулық беру, оқыту және қызметкерлердің еңбекті қорғау саласындағы білімін тексеруді ұйымдастыру бойынша әдістемелік көмек көрсетеді;
-
-
Қажетті қабілеттер
- * Дисциплинированность и ответственность
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Магистр
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Орташа)
- Орыс тілі (Орташа)
Ұқсас вакансиялар


