«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Алматы филиалы Алматы станциясының атқыштар командасының инженер- 1 санатты маманы

от 318014
Алматинский филиал ТОО «Военизированная железнодорожная охрана» Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
3

Қаралған саны:
206

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиал бөлімшелерінде қару-жарақтың, оқ-дәрілердің және артехим мүліктің нақты бар-жоғын есепке алуды жүргізу және комиссиялық тексеруді жүзеге асыру;
  • бөлімшелерде оқ атуды, сондай-ақ оқ-гильзотекаға қаруды атуды және қызметтік қаруды пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауды ұйымдастыру;
  • Қызметтік қару мен арнайы құралдарды қолдану фактілерін тергеуге қатысу;
  • командалар мен топтардың бастықтарымен бірлесіп қаруды, оқ-дәрілерді және арнайы құралдарды уақтылы есептен шығару жөніндегі құжаттарды дайындау;
  • жауынгерлік, кәсіптік және дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтар кестесін жасау, филиалдың АӨК қызметкерлерімен келісе отырып, оларды көрнекі құралдармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастырады, жеке өзі қатысады және филиалдың жеке құрамымен оқыту бағдарламасының неғұрлым күрделі, өзекті тақырыптары бойынша сабақтар өткізеді;
  • өз қызметінің бағыттары бойынша ауысымдық атқыштар топтарының күзетшілерін, аға күзетшілерін аттестаттаудан өткізу кезінде комиссия құрамына қатысу;
  • қызметтік-күзет қызметі мәселелері бойынша Кешенді, мақсатты және жоспарлы тексерулер жүргізу;
  • Тексеру кестесіне сәйкес, әскерилендірілген күзет ұйымы бөлім бастығының тапсырмасы бойынша жоспар - тапсырмаларға сәйкес филиал бөлімшелеріне бару және нарядтармен қызмет атқару сапасына тексеру жүргізу;
  • филиал бөлімшелерінің қызметтік қызметі бойынша есептер мен талдауларды, мәліметтер мен ақпаратты жинауды, жинақтауды жүзеге асыру және филиал басшылығына ұсыну;
  • филиал бөлімшелерінің басшылығы мен жеке құрамының қару мен оқ дәрілерді сақтауға және алып жүруге рұқсаттың берілуін және қолданылу мерзімдерін қадағалау;
  • филиалдың т.ж. көлігінің күзетілетін объектілерін қызметтік қызмет, терроризмге қарсы қорғау жөніндегі іс-шаралардың жылдық жоспарларын әзірлеуге қатысу;


Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
  • Мамандығы: Құқықтану; Құқықтану; әскери іс және қауіпсіздік; құқық қорғау қызметі; Көлік, көлік техникасы және технологиялары; Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Логистика; автоматтандыру және басқару; Менеджмент; Ақпараттық жүйелер; Инженерлік жүйелер; Көлік құрылысы (теміржол құрылысы, жол және жол шаруашылығы).
  • Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша не темір жол көлігінде /құқық қорғау және арнайы органдарда немесе Мемлекеттік басқару органдарында күзет қызметін ұйымдастыру жөніндегі қызметте кемінде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Магистр