Техник-технолог (1-санат) ӨНДІРІС БӨЛІМІ (Павлодар ММ филиалы) «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Филиалдың және оның құрылымдық бөлімшелерінің электрондық құжат айналымы жүйесінде (бұдан әрі – ЭЦҚ) қағаз/қағазсыз технологияны пайдалана отырып, мемлекеттік тілде іс жүргізуді бақылауды жүзеге асырады;
- рұқсат картасымен (КР), нұсқау картасымен (КП) жұмысты жүзеге асырады; құжат және құжаттың тіркеу-бақылау картасымен (БҚК) жұмыс;
- электрондық құжат айналымын әкімшілендіру (электрондық құжат айналымы жүйесінде тіркеу, есепке алу, филиалдың шығыс құжаттары, олардың ресімделуінің дұрыстығын тексеру және жөнелтуге (адресаттарға);
- сапа менеджменті жүйесі құжаттарының және Біріктірілген менеджмент жүйесінің халықаралық стандартының (ҚР СТ ISO 9001-2016; ҚР СТ ИСО 50001-2019; ҚР СТ ISO 14001-2016; ҚР СТ ISO 45001-2019), «Денсаулық және қауіпсіздік техникасы менеджменті жүйесі» талаптарын білу және сақтау.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: орта (техникалық және кәсіптік)
- Мамандығы: Көліктегі тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару (салалар бойынша); Темір жол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты бақылау
- Жұмыс өтілі: тауар кассирі/жүк және багаж қабылдаушы лауазымдарында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі 2 жылдан кем емес
Қажетті білім дәрежесі
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж