«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Шымкент ЖТ бөлімшесі» филиалы Шымкент пайдалану локомотив депосының өндірістік қауіпсіздік және экология секторының 1 санатты еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженер-технолог (ТД - 16 Шымкент)
- Құрылған күні:
-
07.04.2025
- Берілген өтінім:
- 8
- Қаралған саны:
- 350
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Ішкі бақылауды жүзеге асыру (оның ішінде қауіпсіздік және Мердігерлер бойынша диалог);
- өндірістік қауіпсіздік жағдайының мониторингі, оның ішінде қоршаған орта жағдайының өндірістік мониторингі;
- тәуекелдерді және экологиялық аспектілерді бағалауды жүргізуді ұйымдастыру, тәуекелдерді басқару жөніндегі шараларды келісу;
- қызметкерлерге кіріспе нұсқаманы жоспарлау және өткізу;
- нұсқамалардың ұйымдастырылуын және өткізілуін бақылау;
- өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша оқытуды жүргізу мониторингі және әдіснамалық көмек көрсету;
- ӨБ-мен айналысатын қызметкерлердің біліктілігін арттыруды жүргізу мониторингі;
- өндірістік қауіпсіздік жөніндегі қызметкерлердің білімін тексеру жөніндегі комиссияны ұйымдастыру және оған қатысу;
- қызметкерлердің жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етілуін мониторингтеу;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау кабинеттерін қажетті оқу құралдарымен, макеттермен, анықтамалық әдебиеттермен, плакаттармен, техникалық құралдармен жасақтау;
- негізгі себептерді анықтай отырып, жазатайым оқиғаны тергеуді ұйымдастыру және қатысу;
- өндірістік жарақаттану және кәсіптік аурулардың себептерін талдау;
- белгіленген нысандар бойынша есептілік жасау, өндірістік қауіпсіздік жөніндегі құжаттаманы жүргізу;
- еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттаудан өткізуді ұйымдастыру;
- құрылымдық бөлімшелерде еңбек жағдайларын, сырқаттанушылықты, өнеркәсіптік санитарияны жақсарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- Жұмыс тәжірибесі: II санаттағы ұқсас лауазымда кемінде 2 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр