Жүк алымдары бойынша талаптарды қарау бөлімінің бас маманы

от 243435
НОД-1 (Акмолинское отделение ГП) Ақмола облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын ашық
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
367

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • ҚР заңнамасында бегіленген тәртіппен және мерзімдерде серіктестікке қосымша алымдарды, вагондарды пайдаланғаны үшін төлемдерді, тасымалдау төлемдерін қайтару бойынша өтініш берушілердің шағымдарын уақтылы және дұрыс қарау, бұл серіктестіктің балансында ескерілген кірістердің өзгеруіне тікелей байланысты
  • счет-фактураның, тізбенің, құжаттың нөмірін сұрау арқылы серіктестіктің қаржы жүйесінде өндіріп алынған (түзетілген) соманы тексеру 
  • WinTerm тасымалдарын жедел басқарудың автоматтандырылған жүйесіндегі вагонның нөмірі бойынша, меншік /жалға алу белгісін, вагонның пспортның вагонның нөмірі бойынша жүруін тексеру 
  • WinTerm жүйесінен вагонның ізін басып шығарумен жөнелту күні мен келу күнін салыстыру
  • вагондарды пайдаланғаны үшін төлемді, вагондарды кідірткені үшін төлемді жүктерді тасымалдауға байланысты қызметтер үшін қосымша алымдарды, жол берілген бұзушылықтар үшін айыппұлдарды есептеу
  • құжаттарды ресімдеу қосымша алымдар мен айыппұлдарды есептеуді негіздеу жөніндегі серіктестіктің ұқұрылымдық бөлімшелері мен еншілес ұйымдарының мекенжайларына сұрау салулар дайындау
  • серіктестіктің қаржы жүйесінен орындалған жұмыстырдың, көрсетілген қызметтердің тізбесін қалыптастыру
  • клиентке шағымды қарау нәтижесі туралы хат ресімдеу
  • тану туралы бұйрықты ресімдеу онда клиенттің атауы мен мекен-жайы өтініші және танылған шағым суммасы, төлем жасау немесе клиенттің жеке счетына аудару арқылы есеп айырысуды жүргізу үшін суммаларды қайтару немесе төлеу көрсетіледі
  • клиенттің дербес счетына өлеу немсе аудару жолымен есеп айырысуды жүргізу үшін мәлімделген және қайтарылған суммаларды, шағым істерінің нөмірлерін көрсте отырып қаралғани шағымдардың нәтижелері бойынша күнделікті талдау

Біліктілік талаптары:

  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандық саласында: тасымалдауды Ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану
  • көлік; Есеп және аудит; Қаржы; Экономика;
  • Жұмыс Тәжірибесі: 3 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр