"ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-"ЖТ Ақмола бөлімшесі" филиалының өндірісін қамтамасыз ету секторының жетекші инженер-технологы (ЖТ орталық аппаратында орналасқан жері)
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
- Электрондық құжат айналымын жүргізу;
- Мемлекеттік тілде персоналды оқыту және дамыту жөніндегі жобаларды әзірлеу;
- Топтарды қалыптастыру, мемлекеттік тілді білу деңгейіне тексеру тесттерін өткізу;
- Корпоративтік шешімдердің жобаларын мемлекеттік тілде ресімдеуді қамтамасыз ету;
- Филиал мен Орталық аппарат қызметкерлері үшін "Қазтест" бағдарламасы негізінде қазақ тілін білу деңгейін анықтау бойынша диагностикалық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;
- Еңбек міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік тілді қолданатын "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдері күнін мерекелеу шеңберінде наградтауды ұйымдастыру және өткізу;
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: Менеджмент; Экономика; Психология; Филология; педагогикалық мамандықтар (жаратылыстану және әлеуметтік ғылымдар); теміржол мамандықтары; қоғаммен байланыс; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; Құқықтану; Мемлекеттік және жергілікті басқару; іс жүргізу; аударма.
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтілі талап етілмейді
- қазақ тілін кәсіби меңгеру, компьютерді меңгеру, электрондық кадр есебін, SAP автоматтандырылған жүйесін білу, электрондық құжат айналымын білу.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
Ұқсас вакансиялар

