«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС «Жамбыл ЖТ бөлімшесі» филиалы (НОД-8) Жамбыл пайдалану локомотив депосының (ТЧЭ-31) Ауыстыру пунктінің бастығы (Қаратау ПП)

380878 - 396996
ТЧЭ-31 Жамбылское эксплуатационное локомотивное депо 1 группы Жамбыл облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан 3 жылға дейін Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
817

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  • Филиал қарамағындағы қызметкерлердің поездар қозғалысы мен пайдалану жұмысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлігінде белгіленген жұмыс регламенттерін, техникалық, орындаушылық, еңбек және технологиялық тәртіпті сақтауы;
  • филиалдың-пайдалану жұмысы мәселелері бойынша нормативтік-құқықтық , нормативтік - техникалық, жедел-өкімдік құжаттардың және өзге де басшылық құжаттар мен жергілікті актілердің талаптарын ауыстыру пунктінің барлық қызметкерлерінің сапалы және уақтылы орындауы бойынша жұмыстар:
  • жаппай жұмысшы кәсіптерін даярлауға, қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға, локомотив бригадаларының кадрларын сынауға, іріктеуге және орналастыруға бағытталған шараларды жоспарлау және іске асыру;  
  • берілген тасымалдау көлеміне сәйкес локомотив бригадаларының және олардың сапалы құрамының қажеттілігін қамтамасыз ету; филиал мен қоғамның жұмыс сапасының төмендеуіне себеп болатын себептерді жою бойынша алдын алу және түзету іс-шараларын әзірлеу және іске асыру;
  • локомотив бригадаларының қажетті (белгіленген) санының болуы, оларды іріктеу, сапалы құрамы, күтіп-ұстау және орналастыру, даярлау, қайта даярлау, біліктілігін арттыру және белгіленген тәртіппен сынау;
  • рейстік поездарды қалыптастыру станцияларында рейстік поездарға локомотивтердің уақтылы берілуін қамтамасыз ету және рейстік поездардың жүру кестесін сақтау; локомотивтердің жиынтықтылығы, оның ішінде
  • Локомотив жабдықтары мен тораптары, аспаптар, мүкәммал, жөндеу жиынтықтары, медициналық қобдишалар; пайдалану процесіне локомотивтердің жаңа серияларын, уақтылы техникалық құралдарды, ақпараттық технологияларды, оның ішінде "Энергодиспетчерлік тартым" автоматтандырылған басқару жүйесінің (ЭДТ АБЖ) жабдықтарын енгізу, сондай – ақ локомотив бригадалары қызметкерлерінің, жылдамдық өлшегіш таспаларды таратушы инженерлердің және машинист нұсқаушылардың аталған жаңалықтарды тиісінше игеруі.

Біліктілік талаптары
  • Білімі: Жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігінде тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру
  • Жұмыс тәжірибесі: мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл, оның ішінде локомотив бригадаларының машинист-нұсқаушысы/локомотивтерді қабылдаушы лауазымында кемінде 3 жыл




                
                                    

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр