"Көлік сервис орталығы" АҚ қаржы-экономикалық жоспарлау бөлімінің менеджері
«Көліктік сервис орталығы» акционерлік қоғамы Көкшетау қ.- Құрылған күні:
-
10.04.2025
- Берілген өтінім:
- 12
- Қаралған саны:
- 238
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Белгілі бір шығыстарға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына және кірістердің толық көлемде аударылуына бақылауды жүзеге асырады;
- Ұжымдық шартта, ақша қаражатының қозғалысы ережелерінде көзделген қаржыландыру мәселелері бойынша Қоғам бойынша деректерді жинауды және жоғары тұрған ұйымдарға ақпарат беруді жүргізеді;
- Баланс бойынша және есепті кезеңнің соңында дебиторлық және кредиторлық берешектерге сәйкес өтінімдердің уақтылы және толық ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады;
- Баланс бойынша және есепті кезеңнің соңында дебиторлық және кредиторлық берешектерге сәйкес өтінімдердің уақтылы және толық ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады;
- Ай сайын тауарлар мен қызметтерді сатып алу мониторингі бойынша ақпаратты екі баға ұсынысымен өнім берушіні таңдау тәсілімен және бір көзден дайындайды;
- Келіп түскен және қайтарылған өтінімдерді есепке алу мәселесі бойынша жоспарлы тексерулерге қатысады;
- Қоғамның ақшалай қаражатын жұмсау туралы мәліметтер базасын жүргізеді.
- Білімі: Жоғары
- Мамандығы: Экономика; Қаржы; Есеп және аудит; менеджмент; еңбекті ұйымдастыру және нормалау; статистика.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет бейіні бойынша кемінде 2 жыл
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
Міндетті түрде тілдерді білу
- Қазақ тілі (Бастапқы)