Шымкент сигнализация және байланыс дистанциясынң Түлкібас станциясының СОБ электромеханигі

335350 - 350414
Шымкентская дистанция сигнализации и связи Түркістан облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
2

Қаралған саны:
191

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

1.өзінің құзіретінің шегінде, күтімге алатын теміржол телімінің шекарасы бойынша поездардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді
2.бекітілген тәртіппен бекітілген техникалық күтімге алудың жоспар-кестесі және басқа да жоспарлар бойынша электромонтерлардың жұмысын ұйымдастырады, СОБ құрылғыларының дұрыс және іркіліссіз жұмысын қамтамасыз етеді;
3.СОБ құрылғыларын тексеру қорытындыларын сәйкес журналдарға және есепке алу карточкасына жазады, өткелдердегі автоматиканы қоса жазады;
4.СОБ құрылғыларының жағдайын комиссиялық тексеру және жекелей тексеру қорытындысы бойынша анықталған және актілерде белгіленген, тексеру журналдарында және басқа да құжаттардағы белгіленген кемшіліктерді электромонтерлардың уақытылы жоюын ұйымдастырады және практикалық көмек көрсетеді, сонымен қатар  СОБ құрылғыларының жұмысының сенімділігін арттыру жұмыстарын және істен шығу оқиғаларының қайталануын болдырмауға бағытталған және  іс-шараларды жүзеге асыруын орындайды. Теміржол станцияларындағы СОБ құрылғыларының айлық және басқа да комиссиялық тексеруіне қатысады;
5.электромонтерларға істен шығуларды іздеп табу және жою әдістерін тәжірибе түрінде үйретеді, сонымен қатар сигнализация және байланыс дистанциясының басшылығымен бекітілген, жоспар бойынша СОБ құрылғыларын күтімге алудың іс-әрекеттегі нұсқаулығы мен технологиясын оқытып үйретеді;
6.жұмыстарды орындауға арналған және қорда сақталып тұрған қажетті құралдардың, материалдардың, қажетті бөлшектердің, саймандардың және өлшеу құралдарының бар болуын, сақталуын және жұмысқа жарамдылығын қадағалайды, оларды толтыру және ауыстыру бойынша шараларды уақытылы  қабылдайды, электромеханиктерде сұлбалардың, нұсқаулардың және басқа да техникалық құжаттардың бар болуына және ұқыпты ұсталуын тексереді.
7.аға электромеханикпен бірге СОБ құрыл-ғыларының бекітілген техникалық құжаттарға сәйкестігін тексереді;
8.СОБ құрылғыларының ай сайынғы жұмысының талдауы, істен шығу және тексеру қорытындысы бойынша, қажетті жөндеу жұмыстарының көлемін анықтайды және жөндеу жұмыстарының жоспары мен СОБ құрылғыларының жұмысының сенімділігін арттыру бойынша іс-шараларын жасауға арналған ұсыныстарын береді; 
9.Шұғыл жоспарларды, СОБ құрылғыларын қысқы мерзімдегі жұмыстарға дайындау жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді;
10.сигнализация және байланыс дистанциясы басшысының немесе диспетчерінің өкімі бойынша СОБ құрылғыларының жұмысын-дағы бұзушылықтарға көмек көрсету немесе жою үшін басқа да телімдерге шығады;  
11.басқа қызметтердің жұмысшыларын, осы қызметтердің кәсіпорындарының басшы-ларымен жасалған және сигнализация және байланыс дистанциясы басшысымен келісіл-ген жоспарға сәйкес СОБ құрылғыларын дұрыс пайдалануды үйретеді 
12.цехтағы өндірістік қауіпсіздіктің, еңбекті қорғау жағдайына тұрақты бақылау жасайды, олардың тұрақты болуымен (жекеленген пункттерде тұратын мекен жайы бойынша).  Аға электромеханиктер тұрақты болмайтын станциялар мен цехтарда электромеханиктерді орнын ауыстыруы құқығымен электро-механиктермен немесе электромонтерлармен жүргізілетін өндірістік қауіпсіздікке бақылау жасау, соның ішінде стандартқа сәйкес тексерулердің жүргізілуінің сапасына бақылау жасау;

Біліктілік талаптары:

1.Білімі: жоғары, кәсіптік орта, арнайы орта, бекітілген бағдарлама бойынша арнайы дайындық.

  1. Мамандығы: Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс. Радиобайланыс және хабар тарату. Теміржол көлігіндегі радиобайланысты және сигнал беруді пайдалану. Автоматизация және басқару. Радиотехника, электроника және телекоммуникация. Теміржол көлігіндегі автоматика, телемеханика и қозғалысты басқару. Байланыс желісі және коммуникациялар жүйесі. Радиоэлектроника және байланыс.
  2. Мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі: білімі жоғары болғанда жұмыс өтіліне талап қойылмайды; білімі кәсіптік орта болғанда электромонтер қызметі бойынша еңбек өтілі кем дегенде 2 жыл.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр
  • Техникалық және кәсіптік білім беру
  • Колледж

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Орыс тілі (Кәсіби)