«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпсалалы қызмет көрсету орталығы» филиалы бизнес-талдау департаменті Маңғыстау өңірлік бөлімінің жетекші инженері
- Құрылған күні:
-
14.04.2025
- Берілген өтінім:
- 14
- Қаралған саны:
- 238
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Акционерлік қоғамның филиалдарында және оның еншілес ұйымдарында еңбек және жалақы бойынша есептілік құжаттарын жүргізуінің дұрыстығын, еңбек және жалақы бойынша статистикалық есептілікті жасау, қолданыстағы нормативтік құжаттардың болуы мен сақталуына, ақпараттық жүйелерге бастапқы есеп құжаттарымен еңбек және жалақы көрсеткіштері туралы мәліметтерді енгізудің толықтығы мен уақыттылығын тексеруді жүзеге асырады;
- 1-К (УТО-8Ц), 1-Т, УТО-5, ВО-2, АГО-14, ДО-30 есептілік нысандарын қоғамның филиалдарынан және оның еншілес ұйымдарынан статистикалық жиынтық мәләметтерін жинап Бизнес-талдау департаментіне ұсыну;
- SAP жүйесінде ЦТО-1,1-К (УТО-8Ц),1-Т нысандарының статистикалық есептерінің мониторингін жүзеге асырады және Бизнес-талдау департаментіне есеп беру деректеріндегі сәйкессіздіктердің себептері туралы ақпарат беру;
- қызметкерлердің еңбек көрсеткіштері мен жалақысына статистикалық талдау жүргізеді және оны Бизнес-талдау департаментіне ұсыну;
- ЦО-11, ГО-10, ГО-10а, ЦО-29 нысандары бойынша статистикалық есептердің уақытылы түсуін және дұрыстығын қадағалау;
Біліктілік талаптары:
- Білімі:Жоғары;
- Мамандығы: Экономика, Менеджмент, Есеп және аудит, Қаржы, Маркетинг, Статистика, Әлемдік экономика, Автоматтандыру және басқару, Көлік, көлік техникасы мен технологиялары, Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану.
- Жұмыс өтілі: мамандығы бойынша 2 жыл жұмыс атқару
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр
- Ғылым кандидаты
- Ғылым докторы