«Әскерилендірілген темір жол күзеті» ЖШС Ақмола филиалының қаржы, бухгалтерлік есеп және салықтық есеп бөлімінің бастығы
- Құрылған күні:
-
14.04.2025
- Берілген өтінім:
- 6
- Қаралған саны:
- 219
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Келіп түскен ақшалай қаражаттың дұрыстығын, олардың қозғалысына байланысты операциялардың бухгалтерлік есепте уақтылы көрсетілуін бақылауды жүзеге асырады.
- Серіктестіктің ОА ға белгіленген мерзімде ақша қаражатының қозғалысы бойынша есеп беру үшін қалыптастырады.
- Филиал бойынша салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді қаржыландыруға өтінімдер қалыптастырады.
- Есепке алу Мемлекеттік кірістер органдарында жүргізілетін салықтар бойынша берешектің жоқтығын (бар болуын) тексереді.
- "ЭШФ" модулі және қағаз тасығыштар арқылы филиалға көрсетілген қызметтер бойынша контрагенттерден түсетін бастапқы бухгалтерлік
- "Салық төлеуші Кабинеті"модулінде ҚР тиісті мемлекеттік органдарына 700.00, 701.01 нысандары бойынша салық есептілігін жасау, декларацияларды, есептерді және басқа да есептерді уақтылы ұсыну бойынша жұмыс жүргізеді.
- Проблемалық дебиторлық және кредиторлық берешекке жол бермеу және қаржылық есепте нәтижелерді көрсете отырып, осы берешекті баланстан дұрыс есептен шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға қатысады.
- Негізгі құралдарға, материалдық емес активтерге және тауарлық-материалдық қорларға түгендеу жүргізуді ұйымдастырады және тікелей қатысады.
Біліктілік талаптары:
- Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандығы: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы.
- Жұмыс тәжірибесі: қызмет саласында 6 жылдан кем емес жұмыс өтілі, оның ішінде қызмет саласындағы басшылық лауазымдарда кемінде 4 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр