Сервистік қызметінің жетекші маманы
"QAZAQGAZ AIMAQ" АҚ Шымкент өндірістік филиалы Шымкент қ.Міндеттері:
-
Құжаттарды қабылдау, есепке алу, тіркеу, орындалуын бақылау, анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету және құжаттық ақпаратты сақтау жұмыстарын қамтамасыз етеді;
-
Газ тұтынушыларынан келіп түскен хаттар мен өзге де кіріс хат-хабарларды сервис қызметіне қатысты мәселелер бойынша қарайды;
-
Шығыс құжаттарды (шарттар, қызметтік жазбалар, бұйрықтар мен өкімдер) электронды келісу, визалау және қол қою жұмыстарын жүргізеді;
-
Атқарылған жұмыстар туралы есеп құрастырады, сервис қызметінен түскен қаражаттарды кіріске алады;
-
Құжаттар мен басшылықтың тапсырмаларының орындалуын бақылайды, олардың уақтылы әрі сапалы орындалуына бағытталған жедел шараларды қабылдайды;
-
Шешімдерді әзірлеу, қабылдау және оларды тікелей орындаушыларға жеткізу жұмыстарын ұйымдастырады. Басшылыққа ұсынылған анықтамалар мен баяндамаларды талдайды, олар бойынша білікті қорытындылар береді;
-
Филиалдың ағымдағы қызметі бойынша үшінші ұйымдармен (коммерциялық және мемлекеттік) және жекелеген азаматтармен телефон, факс және т.б. арқылы жедел байланыс орнатады;
-
Құжаттарды жыл сайын мұрағаттық сақтауға немесе жоюға іріктейді;
-
«QGA» АҚ Шымкент өндірістік филиалының өзге де қызметі бойынша бухгалтерлік есеп жүргізеді;
-
Іске қосу-жөндеу жұмыстары бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз етеді;
-
Құрылыс-монтаж жұмыстары бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз етеді;
-
ССД-ның қаржы-шаруашылық қызметі бойынша басшылықтың жекелеген тапсырмаларын орындайды;
-
Қосылу қызметтері, газ жабдығына газ беру, газ есептеу құралдарын пломбалау жұмыстарын орындайды;
-
Газ жабдықтарына газ беру, тұрғын үйлерге, коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындарға пломбалау бойынша наряд-рұқсат арқылы газ қауіпті жұмыстарды ұйымдастырады;
-
Аварияны жою жоспарына сәйкес тақырыптарға сай кезекшілік кестесін, оқу-жаттығу сабақтарын өткізу кестесі мен бағдарламаларын құрастырады;
-
Үшінші тұлғаларға тиесілі газ құбырлары мен оларға орнатылған құрылғыларды техникалық қызмет көрсету бойынша шарттар жасайды;
-
Үшінші тұлғаларға тиесілі газ құбырлары мен құрылғыларға техникалық қызмет көрсету бойынша орындалған жұмыстар мен тапсырмаларға талдау жүргізіп, есеп береді;
-
Өзінің тікелей басшысының жекелеген қызметтік тапсырмаларын орындайды;
-
Газ құбырларын, ГРП және ШРП-ны аралау және тексеру жүргізеді;
-
Газ құбырлары, ГРП, ШРП техникалық қызмет көрсету, ПЗК және ПСК клапандарын іске қосуға баптау жұмыстарын атқарады;
-
Орындалған жұмыстар нәтижелері бойынша белгіленген есеп нысандарын жүргізеді. Газ құбырлары мен құрылғылардың (ГРП және ШРП паспорттары) пайдалану-техникалық құжаттамасына өзгерістер енгізеді;
-
Газ құбырлары, ГРП және ШРП техникалық қызмет көрсету мен жөндеу сапасына ішінара (кемінде 10%) мониторинг нәтижелерін рәсімдейді, анықталған ескертулерді тіркейді, оларды жою мерзімдерін белгілейді және бақылау жүргізеді;
-
ГРП мен ШРП-де, соңғы тұтынушыға дейінгі газ құбырларында қысымды өлшеу, қысым маршруттық сызбасын жасау;
-
Қысым айырмасы ең көп болатын сындарлы нүктелерді анықтап, түзету шараларын қолға алады, газ құбырларындағы, ГРП және ШРП-дегі ақаулар мен тығындарды жояды;
-
Объектіні газдандыруға қосу мүмкін орындарын зерттеу (бар газ құбырының орналасу сызбасын, диаметрін, тереңдігін, газ қысымын көрсету);
-
Газ құбырлары, ГРП және ШРП-ны сығылған ауамен герметикалығына сынау жүргізу;
-
Газ құбырларына, ГРП және ШРП-ға газ беру жұмыстарын жүргізу (пайдалануға беру кезінде);
-
Табиғи газ тұтынушыларын көрінетін үзіліс арқылы газбен дәнекерлеп ажырату жұмыстарын жүргізу;
-
Алғашқы және қайталама енгізу, газбен дәнекерлеп қосу жұмыстарын жүргізу.
Талаптар:
Тиісті мамандық бойынша жоғары білім және газ саласында кемінде 1 жыл жұмыс өтілі болуы тиіс.
Жұмыс шарттары:
Еңбек шарты негізінде.
Қажетті қабілеттер
- - Soft skills: коммуникабельность, умение работать в команде, стрессоустойчивость, пунктуальность
- * Свободное владение государственным и русскими языками;
- * cвободное владение ПК, знание программ Word, Excel, Outlook
Ұқсас вакансиялар


