«Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС 1 санатты маман-Достық станциясындағы атқыштар командасы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі инженері
- Құрылған күні:
-
15.04.2025
- Берілген өтінім:
- 2
- Қаралған саны:
- 248
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- Филиалда еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі туралы ережелерді, өндірістік қауіпсіздік жөніндегі бұйрықтардың жобаларын әзірлеу;
- филиалдың басқару аппаратында және құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жай-күйіне талдау мен бақылауды жүзеге асыру;
- белгіленген тергеу тәртібінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру және филиалдың басқару аппаратында және құрылымдық бөлімшелерінде жазатайым оқиғалар мен өндірістік жарақаттанудың есебін жүргізу;
- филиалдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі жұмыстың жай-күйін жалпылау мен талдауды жүзеге асыру;
- еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ филиалдың құрылымдық бөлімшелерінде персоналдың жарақаттануының алғышарттарын, себептері мен жағдайларын жоюға бағытталған шараларды әзірлеу;
- тоқсанына бір рет қызметтік, тұрмыстық үй-жайларды, сондай-ақ журналда тіркеле отырып, жұмыс орындарын қарауды қамтамасыз ету және бақылау;
- филиал қызметкерлерінің еңбек жағдайларын талдау, оларды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу және басшылыққа енгізу;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экологиялық қауіпсіздік бойынша тоқсандық, жылдық, статистикалық есептерді тапсыру.
Біліктілік талаптары:
- Білім: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
- Мамандық: Көлік, көліктік техника және технологиялар (вагондар, локомотивтер және электр Жылжымалы құрам); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (темір жол көлігі); Электротехника (Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар); Автоматтандыру және басқару; Электр энергетикасы; Стандарттау, метрология және сертификаттау; тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау
- Жұмыс тәжірибесі: еңбек өтіліне талап қойылмайды
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Маман
- Магистр