Бас менеджер Капиталды құрылыс департаменті
«QazaqGaz» ҰК» АҚ Астана қ.- Құрылған күні:
-
15.04.2025
- Берілген өтінім:
- 44
- Қаралған саны:
- 581
Құрметті үміткер!
Вакансияға өтініш бермес бұрын, конкурсқа қатысу үшін міндетті талаптармен танысуды сұраймыз:
-
Білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылар және т.б. туралы берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілік үміткердің мойнында.
Резюмеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы сенімді мәліметтер болмаған жағдайда, үміткер конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаныңыз туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама ұсыну қажет 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті хабарламадан бастап.
Анықтама соңғы ақпаратты қамтуы тиіс және конкурсқа қатысуға дейін 1 (бір ) айдан ерте алынбауы тиіс. Анықтаманы EGov электронды порталында «Жұмысқа орналасу және жұмыс іздеу» бөлімінде алуға болады.
Сізден жеке кабинетіңізде және көрсетілген электронды поштаңызда тиісті хабарламаларды бақылауды сұраймыз.
3. Хабарламаларға бақылау жасау және уақтылы жауап беру жауапкершілігі ваканттық лауазымды алуға ниет білдірген тұлғаның мойнында.
Міндеттері:
- Капиталды құрылыс және өндірістік объектілерді қайта құру бойынша жұмыстарды бақылау және мониторинг жүргізеді;
- Капиталды құрылыс бойынша есеп және есептілікті жүргізу жұмыстарын ұйымдастырады;
- Жобалық және құрылыс ұйымдарының шарттық міндеттемелерін орындауын бақылауды жүзеге асырады;
- Капиталды құрылыс жоспарларының орындалуын, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін жобалық-сметалық және техникалық құжаттаманың уақтылы берілуін бақылауды жүзеге асырады;
- Жобалық ұйымдармен және жалпы мердігерлермен шарттар жасауға қатысады;
- Техникалық бақылау жүргізетін органдармен құрылыс алаңдарында жабдықты орнату, сынау және тіркеу мәселелерін келісуге қатысады;
- Объектілерді пайдалануға уақтылы енгізуді бақылауды жүзеге асырады;
- Жабдықты сатып алуға бөлінген қаражаттың жұмсалуын бақылау, жабдықты сақтау тәртібін сақтау және орнатылмаған жабдықтың сапасын бақылау;
- Құрылыс құнын төмендететін және құрылыс мерзімдерін қысқартатын, капиталды салымдардың өтелуін жеделдететін рационализаторлық ұсыныстарды енгізуге жәрдемдеседі (конструкциялардың беріктігін төмендетпей және құрылыс жұмыстарының сапасын нашарлатпай);
- Стейкхолдерлер арасында жобаны үйлестіру мәселелері бойынша интеграцияланған жобалық топ құрамында өзара әрекеттеседі.
Талаптар:
-
Білім:
Жоғары техникалық (құрылыс, инженерлік, архитектура).
Мұнай-газ саласындағы өнеркәсіптік объектілердің капиталды құрылысында жұмыс тәжірибесі - кемінде 8 жыл.
Шарттар:
- РК ТК-не сәйкес ресімдеу.
- Сынақ мерзімі - 3 ай.
- Бес күндік жұмыс аптасы, екі демалыс күні - сенбі және жексенбі.
Ұқсас вакансиялар


