"Әскерилендірілген темір жол күзеті" ЖШС Ақмола филиалы Жаңаесіл станциясындағы атқыштар командасының күзетшісі жүргізушісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
Көлік құралын қысқы жағдайда жұмысқа уақтылы және сапалы дайындау.Көлік құралын жөндеу жұмыстарының жүргізілуі мен сапасын бақылау.
Жыл сайынғы техникалық байқаудан өту бойынша жұмыстар кешенін жоспарлауды жүзеге асыру.
Көлік құралының жұмысын жақсартуға бағытталған іс-шараларды, оның ішінде басшылық пен мемлекеттік органдардың нұсқауларын орындауды жүзеге асыру.
Қажет болған жағдайда өз функцияларын тәуліктің түнгі уақытында және тұрақты емес жұмыс уақытын талап ететін ұзақ аралықтарда жүзеге асыру қажет.
Күзетілетін объектілердегі немесе тасымалданатын жүктердегі қалыптасқан жағдайды ескере отырып, команда/топ басшылығының не ауысым тобының аға күзетшісінің нұсқауы бойынша күзет бекетіне немесе жүктерді күзетуге түсуге міндетті.
Күзет бекетіне қойған кезде өз бекетін күзетуге, өз қызметін сергек атқаруға, қызмет өткеруден алаңдамауға, қолынан шығармауға және қарамағындағы адамдарды қоса алғанда, қаруды ешкімге бермеуге;
Біліктілік талаптары:
Білімі
орта техникалық, орта (мамандандырылған оқу орталығында бастапқы даярлықтың арнайы курсын аяқтағаны туралы куәліктің болуы міндетті)
Жұмыс тәжірибесі
еңбек өтіліне талап қойылмай
Қосымша талаптар:
жауапкершілік, тындырымдылық, күзетші сертификатының және қаруға арналған анықтаманың болуыҚажетті білім дәрежесі
- Орташа білім