Жұртшылықпен байланыс және ішкі коммуникациялар басқармасының жетекші маманы

«ҚазТрансОйл» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
48

Қаралған саны:
1507

   Конкурс туралы

Міндеттері:

1)  «ҚазТрансОйл» АҚ-тың жыл сайынғы медиажоспарын корпоративтік оқиғалар мен іс-шараларды ішкі коммуникациялық арналарында  жариялау бөлігінде іске асыру;   

2) компания басшылығының атынан үндеулер мен сөз сөйлеулер жазу (спичрайтинг);

3) баспасөз релиздерін даярлау;

4) бұқаралық ақпарат құралдарының сұрау салуына жауаптар даярлау;

5) ішкі коммуникациялық арналар үшін материалдар ұйымдастыру және даярлау мәселелері бойынша құрылымдық бөлімшелердің жұртшылықпен байланыс жөніндегі мамандарымен өзара әрекет ету; 

6) Қоғам имиджін қолдауға және нығайтуға бағытталған ақпараттық-пікірсайыстар,    (брифингтер, баспасөз конференциялар, дөңгелек үстелдер)  және жарнамалық-имидждік іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу;

7) баспасыз турлар ұйымдастыру;

8) имидждік бейнероликтер мен фильмдер даярлау;

9) Қоғамның форумдар, көрмелер мен конференцияларға қатысуын ұйымдастыру;

10) экономика және мұнай-газ тақырыптамасы бойынша отандық және шетелдік БАҚ мониторингі;

11) басқарманың өзге жетекші маманы болмаған жағдайда, оның функционалдық міндеттерін орындау;

12) ішкі коммуникациялар бағыттары бойынша оған тікелей басшымен және компанияның  ішкі құжаттарымен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.  

Талаптар:

  • PR /журналистика/ филология/педагогика (қазақ немесе орыс тілдерінде) мамандығы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім;
  • кәсіби салада кемінде 3(үш) жыл жұмыс өтілі.

 

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр