"QazaqGaz Aimaq" АҚ Түркістан өндірістік филиалы менеджмент жүйелері және әкімшілік мәселелері бөлімі

"QazaqGaz Aimaq" АҚ Түркістан өндірістік филиалы Түркістан қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
16

Қаралған саны:
550

   Конкурс туралы

Құрметті ізденуші!

Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.

Бос орынға жауап бермес бұрын конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және т.б. туралы ұсынылатын деректердің анықтығына ізденуші жауапты болады.
  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоғы туралы анықтама беру қажет.
  3. Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қадағалауыңызды сұраймыз.

Төменде сіз жарияланған бос орнымен таныса аласыз.

Міндеттері:

- Келіп түсетін және жөнелтілетін хат – хабарларды, оның ішінде "қызметтік пайдалануға арналған" (бұдан әрі – ҚПА) және "құпия" (бұдан әрі-Қ) деген белгілері бар хат-хабарларды уақтылы өңдеуді қамтамасыз етеді.

- Іс қағаздарын жүргізу, базадағы айналымның электрондық құжат жүйесінде жұмыстың дұрыс жүргізілуін қамтамасыз ету, оның ішінде кіріс және шығыс құжаттарды, бұйрықтар мен өкімдерді, негізгі қызмет бойынша өтініштерді тіркеу, басшының қарарына сәйкес құжаттарды тиісті құрылымдық бөлімшелерге не орындаушыларға беру, сондай-ақ пошта арқылы жіберу және олардың уақтылы орындалуына бақылау жүргізу.

- Іс жүргізумен аяқталған құжаттық материалдарды дайындау және мұрағатқа тапсыру, мұрағатқа сақтауға берілетін істердің тізімдемесін жасау. Өтетін қызметтік құжаттаманың сақталуын қамтамасыз ету.

- Бақылау және бақылау карточкаларын уақтылы орындау.

- "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ға кіріс және шығыс хат-хабарлардың саны бойынша апта сайынғы есепті, бұйрықтар мен өкімдерді, негізгі қызмет бойынша хаттамаларды және азаматтардың өтініштерін, сондай-ақ барлық кіріс хат-хабарлардың орындалуы бойынша ай сайынғы есепті ұсыну. Мұрағат ісін жүргізу жөніндегі жұмысты жүзеге асыру, мұрағатқа келіп түскен құжаттарды ұйымдастыру, сақтау және олардың сақталуын қамтамасыз ету. Құрылымдық бөлімшелерден сақтауға келіп түскен, бақылау хаттарын іс жүргізумен және хаттамалық тапсырмаларды және басқа да сұратылған ақпаратты орындаумен аяқталған құжаттарды қабылдау және тіркеу.

- ЭҚЖ-да тіркелетін бұйрықтардың, өкімдердің, хаттамалардың дұрыс жасалуын тексеру. Сондай - ақ директорға және директордың орынбасарына қол қоюға берілетін ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттардың жобалары.

- Жұмысты ұйымдастырады және істер номенклатурасын әзірлеуге және бекітуге қатысады.

- Бекітілген номенклатураға сәйкес істерді қалыптастырады, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және белгіленген мерзімде мұрағатқа тапсырады.

- Негізгі құралдарға, материалдар мен тауарлық-материалдық құндылықтарға түгендеу жүргізеді.

- Бастықтың жұмысы үшін қажетті құжаттар мен материалдарды дайындайды, бастыққа қол қоюға берілетін құжаттардың дайындалған жобаларының дұрыс ресімделуін, олардың сапалы редакциялануын қамтамасыз етуді тексереді.

- Бөлім бастығының нұсқауы бойынша оның жұмысына қажетті қызметтік материалдарды басып шығарады және дерекқорға енгізеді.

- Сатып алу бойынша бюджетті жоспарлауға қатысады, құрылымдық бөлімшелердің өтінімдері негізінде қажеттілікті айқындайды.

- Сатып алу жөніндегі техникалық құжаттаманы (техникалық ерекшелік), сондай-ақ бекітілген сатып алу жоспарына сәйкес сатып алу іс-шаралары үшін шарттардың жобаларын әзірлеуді жүзеге асырады.

- Әлеуетті өнім берушілерден баға ұсыныстарын сұратады, бюджет жобасына түсіндірме жазбалар жасайды.

- Бір көзден алу тәсілімен баға ұсыныстарын ұсыну, шарттар жасасу, сатып алулардағы жергілікті мазмұн бойынша есептілікті ұсыну мәселелері бойынша өнім берушілермен өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді.

- Материалдарды есептен шығару бойынша құжаттарды ресімдеуді жүзеге асырады (кеңсе тауарлары, типографиялық шығыстар, шаруашылық тауарлар және т.б.).

 Талаптар:

Білімі жоғары кәсіби гуманитарлық / техникалық және іс жүргізу саласындағы жұмыс тәжірибесі.

Қажетті қабілеттер

  • - Коммуникабельность, ответственность, исполнительность, мобильность, организаторские способности

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Қазақ тілі (Кәсіби)