Ақпараттық технологиялар және телекоммуникациялар бөлімінің бастығы

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
20

Қаралған саны:
1256

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Серіктестікте ақпараттық технологияларды дамыту бағыттарын айқындау және іске асыру;
  • Серіктестіктің ақпараттық жүйелерінің (бұдан әрі - АЖ) үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізу және сүйемелдеу;
  • IT саласындағы озық тәжірибелерді енгізу;
  • Серіктестікті сапалы және үздіксіз корпоративтік байланыспен қамтамасыз ету;
  • Серверлік, коммутациялық, телекоммуникациялық (оның ішінде АТС), желілік перифериялық жабдықтың, жергілікті есептеу жүйесінің кабельдік жүйесінің (бұдан әрі - ЖЕЖ) аппараттық және бағдарламалық құрауыштарының жұмысқа қабілеттілігі мен үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • ЖЕЖ, дерекқорлар, бүкіл желінің жұмысына әсер ететін жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысындағы іркілістер мен ақауларды жоюды жергіліктендіру;
  • Серіктестіктің АЖ пайдаланушыларына техникалық қолдау көрсету процесін ұйымдастыру, мониторингілеу және талдау;
  • Телекоммуникациялық байланыс арналары бойынша ақпаратты қабылдауды және беруді қамтамасыз ету, ортақ пайдаланудағы дискілерге, каталогтарға, дерекқорларға қол жеткізу құқықтарын бөлу және бақылау;
  • Байланыс жүйелерін қайта құру, жаңғырту, құру және дамыту;
  • Серіктестік бөлімшелерінің электрондық байланыс арналары бойынша ақпаратты дербес жіберу және алу мүмкіндігін, сондай-ақ жаһандық ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
  • Жаңа ақпараттық технологияларды зерделеу, енгізу, пайдалану;
  • Серіктестіктің ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздік тұжырымдамасын (құзырет шегінде) әзірлеу және іске асыру, байланыс және телекоммуникация жүйелерін дамыту;
  • Серіктестіктің құрылымдық бөлімшелері мен өзге де ұйымдар арасындағы ақпараттық ағындарды талдау және ретке келтіру бойынша жұмыстарды жүргізу;
  • Белсенді желілік жабдықты, серверлерді, деректерді резервтік көшіру және қалпына келтіру құралдарын, ақпаратты қорғау құралдарын, желілік инфрақұрылымды бақылау және басқару құралдарын, байланыс құралдарын, перифериялық жабдықты, есептеу техникасы мен жинақтауыштарын, бағдарламалық қамтамасыз етуді орнату, баптау, техникалық сүйемелдеу және қызмет көрсету. Серіктестіктің қажеттіліктеріне сәйкес басып шығару құрылғылары мен кеңсе техникасын және оларға арналған шығын материалдары мен қосалқы бөлшектерді, өзге де аппараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатуды, баптауды, техникалық сүйемелдеуді және қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;
  • Серіктестікке енгізілуге жататын бағдарламалар кешенін әзірлеушіден қабылдау және тестілеу;
  • Дерекқорлар мен қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету нұсқаларының резервтік көшірмесін жасауды және мұрағаттауды жүзеге асыру және оны сақтауды қамтамасыз ету;
  • Өңдеу процесінің үздіксіздігін, пайдаланушы ақпаратын, дерекқорларды және жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуді резервтік көшіруді (мұрағаттауды) қамтамасыз ету;
  • Бағдарламалық қамтамасыз етудің жұмысын вирустардан қорғау және оңтайландыру бойынша іс-шаралар жүргізу;
  • Серіктестік өткізетін кеңестерді, бейнеконференцияларды, селекторларды және өзге де іс-шараларды компьютерлік, ақпараттық және өзге де қажетті қамтамасыз етуді ұйымдастыру;
  • Серіктестік қызметкерлерін жаңа бағдарламалық және аппараттық өнімдерді енгізу туралы хабардар ету;
  • Пайдаланушылардың бағдарламалық қамтамасыз етуге арналған қолданыстағы лицензияларын есепке алуды жүргізу;
  • Есептеу және кеңсе техникасының ақауларын диагностикалау және жою, бағдарламалық қамтамасыз етудің ақауларын диагностикалау және жою;
  • Техникаға шағын жөндеу және жаңғырту жүргізу;
  • Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Серіктестіктің басшылары мен мүдделі қызметкерлері үшін оқыту іс-шараларын жоспарлау;
  • Серіктестік қызметкерлерінің Бөлім қызметінің бағыттары бойынша хабардар болуын арттыру;
  • Бөлімнің жетекшілік ететін мәселелері бойынша Серіктестіктің ішкі құжаттарын әзірлеу және өзектендіру, олардың белгіленген тәртіппен бекітілуін қамтамасыз ету;
  • Бөлім қызметіне байланысты тәуекелдерді анықтау, бағалау және талдау, осы тәуекелдерді басқару бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Бөлім жетекшілік ететін шығындар баптары бойынша бюджеттік жоспарлау;
  • Белгіленген тәртіппен Бөлім жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу процесіне қатысу;
  • Серіктестіктің тендерлік, сараптамалық комиссияларының, сондай-ақ қызметі Бөлім құзыретіне кіретін мәселелермен байланысты жұмыс топтарының жұмысына қатысу;
  • Серіктестік Бөлімге жүктейтін өзге де функциялар.

Талаптар:

  • Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары білім;
  • Кәсіби саладағы басшылық лауазымдарда кемінде 5 жыл.

Шарттар:

Қажетті қабілеттер

  • Высшее профессиональное образование в области информационных технологий