Персонал басқару және еңбекақы төлеу департаменті еңбекақы төлеу тобының бас менеджері

«QazaqGaz Aimaq» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
496

   Конкурс туралы
Құрметті үміткер!
Біздің компанияға қызығушылық танытқаныңыз үшін рахмет.
Вакансияға өтініш бермес бұрын, конкурсқа қатысу үшін міндетті шарттармен танысуды сұраймыз:
1. Білім, жұмыс тәжірибесі, дағдылар және т.б. туралы берілген мәліметтердің дұрыстығына жауапкершілік үміткерге жүктеледі.
2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, сізге 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмысы туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама ұсыну қажет.
3. Жеке кабинетіңіздегі тиісті хабарламаларды бақылауды сұраймыз.

Төменде жарияланған вакансиямен таныса аласыз.


Міндеттер:
  • Лауазымдарды грейдтеу, лауазымдарды сипаттау және бағалау, қызметкерлердің жалақы схемасын қайта қарау;
  • HR саласындағы үздік практикаларды талдау және оларды Компанияда HR стратегиясын, саясаттарын және практикаларын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу арқылы қолдануды қамтамасыз ету, сондай-ақ бизнестің стратегиялық міндеттерін шешуге ықпал ететін HR жобаларын жүзеге асыру;
  • Компанияда және өндірістік филиалдарда еңбек және жалақы ұйымдастыру бойынша жұмыстарды басқару және жүзеге асыру;
  • Компания мен өндірістік филиалдар бойынша еңбек және жалақының перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеу;
  • Компания мен өндірістік филиалдарда орындалатын әртүрлі жұмыстарға қатысты нақты өндірістік-техникалық жағдайларға сәйкес еңбек шығындарының техникалық негізделген нормаларын (уақыт нормалары, қызмет көрсету нормалары, нормаланған тапсырмалар, штат саны нормалары) әзірлеу және енгізу;
  • Персоналдың категориялары мен біліктілік категориялары бойынша қызметкерлердің дұрыс арақатынасын қамтамасыз ету;
  • Қолданыстағы жалақы, материалдық ынталандыру (сыйақы) жүйелерінің тиімділігін зерттеу, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
  • Жалақы қорының жұмсалуын, мамандықтар мен лауазымдардың атауларын дұрыс белгілеуді, қызметкерлердің жалақы деңгейлерінің арақатынасын, тарифтік ставкаларды, лауазымдық жалақылар мен басқа да төлемдерді, жұмыстарды тарифтеу және жұмысшылар мен басқа да категориялар үшін біліктілік разрядтарын белгілеу бойынша бақылауды жүзеге асыру;
  • Компанияның құрылымдық бөлімшелеріне және өндірістік филиалдарына өз құзыреті бойынша әдістемелік көмек көрсету;
  • Еңбек және жалақы мәселелері бойынша мемлекеттік уәкілетті реттеуші және салалық органдармен (хат алмасу, сұрау жіберу, келісу, жобаларды бекіту) өзара әрекеттесу, сондай-ақ өз құзыреті бойынша үшінші тұлғалармен байланыс орнату.

Талаптар:

  • Жоғары білім - экономикалық;
  • Жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
  • Грейдтеу жүйесі бойынша оқудан өткендігі туралы сертификаттың болуы артықшылық;
  • Білімдер мен дағдылар: Қазақстан Республикасының «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Заңы; Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі; «Самұрық-Қазына» АҚ адам ресурстарын басқару бойынша корпоративтік стандарты; Адам ресурстарын басқару әдістері мен құралдары; Персоналдың құзыреттерін бағалау әдістері; Лауазымдарды грейдтеу жүргізу білімі; Лауазымдарды грейдтеу жүйелерін енгізу және әзірлеу бойынша практикалық дағдылар (Hay group, корпоративтік стандарт); HR аналитикасын жүргізу дағдылары; Ақпаратты жинау, жүйелеу және талдау дағдылары; Есептеу техникасы, байланыс құралдарын пайдалану дағдылары; Аналитикалық және ұйымдастырушылық жұмыс дағдылары; Құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және жүргізу дағдылары, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалану;
  • Қазақ және орыс тілдерін/ағылшын тілін білу (қажет).

Шарттар:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес ресімдеу;
  • Демалыс күндері - сенбі және жексенбі бар бес күндік жұмыс аптасы.