Техник (аутстаффинг)

ТОО «Oil Construction Company» Ақтау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
75

Қаралған саны:
3209

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер:

    • Жобаның нақты орындалу барысын қадағалау. Жоспар-факт талдау. Жобалар бойынша жұмыстардың барысын талдау. Жұмыстардың орындалу прогресін сметалық құннан өлшеу әдістері.
    • Жұмыстарды жедел-өндірістік жоспарға сәйкес күнделікті/апталық есепке алу.

    • Жоспарланған және орындалған жұмыстардың салыстырмалы талдауы. Жобаларды іске асыруда артта қалушылықты анықтау.

    • Күнтізбелік жоспарға өзгерістер енгізе отырып, жобалар бойынша прогресті бақылау.

    • Объектілер бойынша жобаларға байланысты күнделікті тікелей шығындар туралы ақпаратты 1С жүйесіне енгізу, бөлек есеп жүргізу үшін;

    • Бухгалтериямен бірлесе отырып, тікелей шығындар ресурстарының (көлік, ТМҚ) есепке алынуын (1С-те дұрыс бөлуін) қамтамасыз ету, әрі қарайғы бөлшектелген және дұрыс көрсетілім үшін.

    • Құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалған көлемдерін (КС-2/ф2в нысаны) ағымдағы бақылау, олардың бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру, бөлім бастығының объектілерді бөлінуіне сәйкес.

    • Капиталды құрылыс және жөндеу объектілері бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалған көлемдерін қабылдау актісін (КС-2/ф2в нысаны) бөлім бастығының тапсырмасына сәйкес құрастыру.

    • Мердігерлік жұмыстар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалған көлемдерін қабылдау актісін (КС-2/ф2в нысаны) тексеру және визалау, міндетті түрде КС-6 нысаны бойынша келісу арқылы, әрі қарай КС-2/ф2в және КС-6 нысандарын ПТО АУП қызметкерлеріне электронды түрде ұсыну.

    • Объектіні пайдалануға беру актісіне қосымша 15-ті толтыру.

    • Мердігерлік жұмыстар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалған көлемдері актісіне (КС-2/ф2в нысаны) сәйкес шығындар деректерін 1С жүйесіне енгізу, қызметкерге бекітілген жобалар бойынша бөлек есеп жүргізу үшін.

    • Тапсырыс беруші қабылдаған құрылыс-монтаж жұмыстарының орындалған көлемдері актісіне (КС-2/ф2в нысаны) сәйкес ТМҚ есептен шығару үшін М-29 нысанын жасау, бөлім бастығының объектілерді бөлінуіне сәйкес.

    • Қадағаланатын объектілер бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарының барлық техникалық құжаттамасының ресімделуін бақылау, бөлім бастығының тапсырмасына сәйкес.

    • КСМС жоспарына сәйкес жұмыстарды үйлестіру, өндірістік процестің ырғағын қамтамасыз ету, кестеден ауытқулардың алдын алу және оларды жою шараларын қабылдау.

    • Жасалған жұмыстардың есебін жүргізу (6-КС журналы) және СМР жоспарлары мен игерілмеген көлемдер бойынша есептілікке қажетті деректерді дайындау.

    • КСМС бойынша жоспарлы және нақты көрсеткіштерді талдай отырып, өндірістік жоспардың ай сайынғы орындалуына талдау жүргізу.

    • Объектілерді сметалық құжаттамамен уақтылы қамтамасыз ету, құрылыс нормалары мен объектілерді белгіленген мерзімде тапсыру ережелерінің сақталуын бақылау.

    • Орындаған жұмыс көлемі бойынша қызметтік құжаттарға жауаптар мен анықтамалар дайындау.

    • Тау-кен жұмыстары өндірісін жоспарлауға және жобалық-сметалық құжаттаманың өндірістік-техникалық бөлігін әзірлеуге қатысу.

    • Жоспарлау бөлімінің функцияларын жүзеге асыру шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесінің талаптарын қолдануды қамтамасыз ету.

    • Өндірістік қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау талаптарын сақтау.

    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты, қызметкерлер мен лауазымды тұлғалар арасында мүдделер қақтығыстарын реттеу саясатын, сондай-ақ антикоррупциялық заңнаманың талаптарын сақтау.

    • Қызмет шеңберінде серіктестіктің біріктірілген менеджмент жүйесінің талаптарын орындау, соның ішінде Саясат пен Мақсаттарды білу.

    • ҚР еңбек қорғау және қоршаған ортаны қорғау, өндірістік-санитарлық және өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлардың алдын алу және азаматтық қорғаныс бойынша қолданыстағы заңнамалық және нормативтік актілерінің талаптарына сәйкес жұмыстарды орындау.

    • Тікелей қызмет саласына жататын тәуекелдерді анықтау және талдау, оларды барынша азайту бойынша қажетті шараларды қабылдау.

    • ҚР еңбек заңнамасы, келісімдер, еңбек және ұжымдық шарттар, Жұмыс беруші актілерімен көзделген өзге де міндеттерді орындау.

     

Талаптар:

  • Білімі (жоғары/орта арнаулы, мамандық/біліктілік/кәсіп)

    Жоғары техникалық білім.

    Мамандық/кәсіп бойынша жұмыс тәжірибесі

    Техник ретінде кемінде 2 жыл жұмыс тәжірибесі

    Басшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі (қажет болған жағдайда)

    Қажет емес

Міндеттерді орындау үшін қажетті білім:

  • Құрылыс ұйымдарының қызметін реттейтін заңнама және өзге де нормативтік-құқықтық актілер;

  • Құрылыс өндірісінің технологиясының негіздері;

  • Қазақстан Республикасының заңнамасы, құрылыс мәселелері бойынша ҚР Үкіметінің қаулылары мен шешімдері;

  • Құрылысқа арналған сметалық құжаттаманы жасау формасы, мазмұны мен ережелері бойынша әдістемелік ұсынымдар;

  • MS Project IT платформасындағы жобалық басқару қағидаттары мен әдістері;

  • АВС-4 бағдарламалық қамтамасыз етуі және оның жаңартылған нұсқалары;

  • Өзінің қызметтік міндеттерін орындау үшін есептеу техникасын, дербес компьютерді, байланыс және коммуникация құралдарын пайдалану ережелері;

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі;

  • Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі ережелері мен нормалары;

  • Интеграцияланған менеджмент жүйесінің талаптары, Серіктестіктің Саясаты мен Мақсаттары;

  • Тәуекелдерді басқару жүйесінің талаптары;

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл менеджмент жүйесінің құжаттандырылған ақпаратының негізгі ережелері;

  • Мемлекеттік тілді – қазақ тілін меңгеру.

Қажетті қабілеттер

  • - AutoCAD
  • АВС -4
  • • Производственную, должностную инструкцию и правила внутреннего трудового распорядка.
  • - знание программы 1С
  • - организаторские способности
  • * Дисциплинированность и ответсвенность