Автомобиль жүргізушісі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
- - Өрт пойызының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында өрт сөндіру техникасын, өрт техникалық жабдықтарды, байланыс құралдарын, материалдық ресурстарды, сондай-ақ мүлікпен жабдықтарды сатып алуға өтімдерді дайындауды қамтамасыз ету.
- -Өрт сөндіру, аппаттарды жою,табиғи апаттардың зардабтарын жою, орындарына шығу, жағдайды бағалау және жұмыстарды жүргізу үшін төтенше жағдайлар департаменттің мемлекеттік өртке қарсы қызметінің аумақтық органдармен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ өрт сөндіру және стационарлық объектілермен компаниялармен өзге де ұйымдардың жылжымалы құрамындағы алғашқы кезектегі авариялық құтқару жұмыстарын орындау үшін қосымша күштер мен құралдарды тартуды ұйымдастыру
- -ТЖД аумақтық мемлекеттік өртке қарсы қызметі бастықтарының нұсқауы бойынша басқа объектілердегі өрттерді сөндіруге қатысу
Біліктілік талаптары:
- - Білімі: орта, мамандық бойынша мамандандырылған оқу орталығында даярлықтан өткен С1, С1Е, С, СЕ санаттарынан төмен емес жүргізуші куәлігінің болуы.
- Жұмыс өтілі: қызмет бейіні бойынша кемінде 1 жыл жұмыс тәжірбиесі
Қосымша талаптар:
- -Өрт пойызының тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз еті мақсатында өрт сөндіру техникасын, өрт техникалық жабдықтарды, байланыс құралдарын, ресурстық материалдарды сондай-ақ мүлік пен инвентарды сатып алуға өтімдерді дайындауды қамтамасыз ету.
- - Қызмет атқару және кезекші қарауылдың жауынгерлік тапсырмаларын орындау кезінде еңбек қорғау және қаіусіздік техникасы, өндірістік санитария мен өртке қарсы қорғаныс талаптарын сондай-ақ жол қозғалысы ережелерін ЖҚЕ сақтау талаптаоының орындалуын қамтамасыз ету
Қажетті білім дәрежесі
- Орташа білім