"ҚТЖ" ҰК" АҚ "Павлодар магистральдық желі бөлімшесі" филиалының Павлодар электрмен жабдықтау дистанциясы Павлодар түйіспелік желі ауданның электромеханигі

358825 - 374943
Павлодарская дистанция электроснабжения Павлодар облысы
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
4

Қаралған саны:
122

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:

  1. Түйіспелік желіні және электрберіліс желісін ағымдағы күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды жоспарлау және басшылық жасау, жылдық жоспарға сәйкес түйіспелік желіні күшейту және реконструкциялау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасау, электр қондырғыларында жұмыстарды жүргізуге өтінімдерді жүзеге асыру
  2. Жұмыстарды жүргізуге нарядтарды, өкімдерді ресімдеу, электромонтерлер мен электромеханиктерге қауіпсіздік техникасы қағидалары мен белгіленген технологияларды сақтау бойынша нұсқама беру, поездарға ескертулер беру.
  3. Энергожайластырғыштарды күтіп ұстау қағидаларына сәйкес түйіспелік желі мен электрберіліс желісі, ТП, КТП құрылғыларын қарап тексере отырып, аралау және жүріп өтіп аралау.
  4. Анықталған ақауларды тіркеу және оларды жоюды ұйымдастыру.
  5. Түйіспелік желі және ЛЭП, ТП, КТП құрылғыларының ақаулығының алдын алатын іс-шараларды жүзеге асыру. Найзағайдан қорғау құрылғыларын тиісті тәртіпте күтіп ұстау.
  6. Тіректерді, консольдерді және басқа тірек конструкцияларын, бекіткіштерді, кронштейндерді ауыстыру бойынша жұмыстар. Түйіспелік желінің барлық типтері мен бөлшектерінің аспалы оқшаулауын ауыстыру.
  7. Дистанциялық басқару және телемеханика аппаратурасын қолдана білу. Түйіспелік желіні реттеу және түйіспелі желідегі барлық жұмыстарды, түйіспелік желінің тіректерінде ілінген жоғары вольтты желілердегі жұмыстарды техникалық қадағалау.
  8. Қолданыстағы және жаңадан электрлендірілетін темір жолдағы жаңа түйіспелік желісін монтаждау бойынша жұмыстардың барлық түрлерін орындау. Секциялық ажыратқыштарды монтаждау, жұмысын тексеру және реттеу.
  9. Аса күрделі қосу схемалары бар күштік және жарықтандыру қондырғыларына қызмет көрсету. 1000 В дейінгі және одан жоғары электр қондырғыларында бақылау-өлшеу аспаптары мен өлшеу трансформаторларын ауыстыру. 1 және 3 фазалы электр есептегіштерін монтаждау, өлшеу құралдарымен (амперметрлер, вольтметрлер, мегомметрлер) жұмыс істей білу.
  10. ППР кестесін, жабдықты күрделі жөндеу жоспарларын, күтіп ұстау нормаларынан анықталған ауытқуларды жою жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді жүзеге асырады.

 

Қосымша талаптар:

  • Білімі: орта  (немесе техникалық және кәсіптік)
  • Мамандығы: Электроэнергетика; Автоматизация и управление; Электрическое и электромеханическое оборудование по отраслям; Техническая эксплуатация, обслуживание и ремонт электрического и электромеханического оборудования
  • Тәжірибесі: 2 жылдан кем емес

Қажетті білім дәрежесі

  • Техникалық және кәсіптік білім беру