Лауазымдық жауапкершілік:
Кіріс ауысымындағы күзетшілердің орнында болуын, олардың сыртқы келбетін тексереді. Күзет қызметкерлеріне бекетке жұмысқа түсер алдында оларға нұсқама беруді жүзеге асырады; Объект күзету қызметкерлеріне міндеттерді айқындайды, бағынысты қызметкерлерді бекеттер бойынша орналастырады, бекеттерді ауыстыруды уақтылы жүргізеді. Еңбек заңнамасында көзделген сағаттық жүктемені ескере отырып, өз қарауылының жұмыс кестесін жасайды; Күзетілетін объектіде белгіленген өткізу және объектішілік режимнің сақталуын қамтамасыз ету бойынша учаске күзеті қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады және бақылайды; Объектілерді, жүктерді, материалдық құндылықтарды құқыққа қарсы қол сұғушылықтардан, оның ішінде тасымалдау барысындағы учаскелік күзет қызметкерлерінің жұмысын ұйымдастырады; Объект күзеті қызметкерлерінің қызмет өткеруін, күзетілетін объектілердің және физикалық қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының жай-күйін тексереді. Жоспарға сәйкес бекеттерді кенеттен тексеруді жүзеге асырады (оның ішінде түнгі уақытта). Филиалдардың басшылығымен келісім бойынша дербес немесе тапсырыс берушілердің ҚҚ-мен бірлесіп оқу-жаттығу іс-шараларын жүргізеді; Күзет бекеттерінде қарудың, арнайы құралдардың және өзге де жабдықтардың болуы мен жай-күйіне бақылауды жүзеге асырады. Белгіленген талаптарға сәйкес қару мен оқ-дәрілерді сақтауды, есепке алуды және беруді жүзеге асырады; Күзет қызметкерлерінде Қаруға рұқсаттарының болуына, олардың күзет бекеттеріндегі қару нөмірлеріне сәйкестігіне бақылауды жүзеге асырады; Күзет қызметкерлерінде жеке күзетші куәліктерінің болуына, олардың белгіленген мерзімде күзетшінің қайта даярлаудан (біліктілігін арттырудан) өтуіне бақылауды жүзеге асырады); Қызметтік-тұрмыстық үй-жайларды, жиһазды, жабдықты, мүлікті дұрыс күтіп-ұстауды және пайдалануды ұйымдастырады. Учаске күзеті қызметкерлерінің белгіленген киім нысанын киіп жүру қағидаларын, куәліктер мен жетондардың болуын бақылауды жүзеге асырады; Бекеттерде объект күзеті қызметкерлерінің қызметтік құжаттаманы дұрыс жүргізуін бақылауды жүзеге асырады; Объект күзеті қызметкерлерінің қызмет өткеру кезіндегі қауіпсіздік шараларын (белгіленген өртке қарсы және өндірістік қауіпсіздік қағидаларын) сақтауына бақылауды жүзеге асырады); Күзетілетін объектіде қызметтік құжаттаманы жүргізеді. Күзет қызметкерлері анықтаған бұзушылықтар, құқық бұзушыларды ұстау, объектідегі түрлі төтенше жағдайлар фактілері бойынша құжаттар дайындайды; Учаске күзеті қызметкерлерінің күзетілетін объектідегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жолын кесуге ұдайы дайындығын қамтамасыз етеді; Күзетілетін объектілердегі барлық оқиғалар туралы филиал/бөлімше басшылығына және жеке құраммен күзет қызметкерлеріне дереу хабарлайды. Қызмет көрсетілетін объектілердегі жедел жағдай туралы мәліметтерді тұрақты режимде бақылайды және жоғары тұрған басшылыққа баяндайды; Күзетшілердің теориялық, практикалық және дене шынықтыру даярлығы бойынша жұмыс жүргізеді, оларға қатысты нормативтік құжаттарды, лауазымдық және бекеттік нұсқаулықтарды білуін тексереді; Еңбек заңнамасында көзделген сағаттық жүктемені ескере отырып, учаске күзеті қызметкерлерінің жұмыс кестесін жасайды; Кезекшілікке түсер алдында күзет персоналына нұсқама жүргізеді. Басшылықтың тапсырмасы бойынша ішкі тергеулерге қатысады. Объектің күзет бастығы материалдық жауапты тұлға болып табылады және өзіне сеніп тапсырылған жұмыс берушінің мүлкін және АКТ бойынша қорғауға алынған Тапсырыс берушінің мүлкін сақтауға материалдық жауапты болады.Білім:
Орта-арнайы немесе жоғары білім.Дағдылар:
Тәулік бойы жұмыс режимі бар бөлімшелерде жеке құраммен жұмыс істеу және қызмет көрсету дағдыларына ие; Күзет қызметін ұйымдастыру жөніндегі құжаттармен (қызметтік жазбалар, актілер және т. б.) жұмыс істеу дағдыларына ие;Қосымша:
21 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы; Жеке күзетшінің куәлігі бар, қажет болған жағдайда жыл сайынғы қайта даярлаудан (күзетшінің біліктілігін арттырудан)өткені туралы куәлікті қоса бере отырып; Денсаулық жағдайы бойынша жұмысқа қарсы көрсетілімдері жоқ, дене шынықтыру дайындығы бойынша талаптарға жауап беретін және қару - жарақ пен арнайы құралдармен жұмыс істеу дағдыларына ие;Білетін тілдер:
Қазақ, орыс еркін