Сымды байланыс құрылғыларын күтімге алу және орталықтандырып ауыстыру жөніндегі байланыс аға электр механигі
Құрметті талапкер!
Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:
-
Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.
Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.
-
Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.
Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.
-
Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:
- мүдделер қақтығысы туралы декларация;
- үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
- үміткер анкетасы.
- Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.
Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.
Маңызды!
«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.
Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!
Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.
Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.
Лауазымдық міндеттер:
1. Байланыс аға электр механигі ПТЭ, ИСИ, ИДП, сондай ақ лауазымдық нұсқаулықтарды білуі тиіс2. өз телімінде байланыс электр механиктері мен электр монтерлері арасында жоспарлы жұмыстарды ұйымдастыру
3. еңбекті қорғау бойынша күзгі және көктемгі комиссиялық тексерулерге қатысу
4. күтімге алатын байлваныс құрылғылары бойынша техникалық білім деңгейін арттыру
5. байланыс құрылғыларының сенімділігін арттыру және жөндеу жоспарын жасау мақсатында қызмет көрсетілетін байланыс құрылғылары телімдері бойынша тексеру жүргізіп, қажетті жөндеу көлемін анықтап, ақау актілерін ұсыну
6. жұмыс орнында дистанция басшысы бекіткен АВЗ материалдарының қорын, қажетті құрал саймандар мен өлшеу аспаптарын қамтамасыз етіп, олардың барсыны бақылау
7. еңбек проецсінде еңбекті қорғау, өнеркәсіп қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі бойынша заманауи әдістерді қамтамасыз ету және қолдану
8. қатысты қызметкерлермен еңбекті қорғау және электр қауіпсіздігі мәселелері бойынша техникалық сабақтар өткізу және білімдерін тексеру
9. қауіпсіздік бойынша мінез құлықтық әңгімелесулер жүргізу
10. ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақтап, қызметкерлер үшін цехта еңбекті қорғау, өрт және электр қауіпсіздігі бойынша талаптар мен нормаларды сақтай отырып, қауіпсіз және денсаулыққа зиянсыз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету
Біліктілік талаптары:
- білімі: орта арнаулы және кәсіби , сбелгіленген бағдарлама бойынша арнайы дайындық
- мамандығы: темір жол көлігіндегі автоматтандыру және басқару.
темір жол көлігіндегі радиотехника, электроника және телекоммуникация
темір жол көлігіндегі автоматика, телемеханика және байланыс . - жұмыс өтілі: сигнализация және байланыс дистанциясының электр механигі қызметінде кем дегенде 1 жыл.
Қажетті білім дәрежесі
- Бакалавр
- Техникалық және кәсіптік білім беру
- Колледж