Геофизикалық деректерді өңдеу бөлімінің геофизигі

«Professional Geo Solutions Kazakhstan» ЖШС Алматы қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
5

Қаралған саны:
648

   Конкурс туралы

Міндетті талаптар:

Сейсмограммалардың толқындық алаңында кездесетін толқын түрлері, сейсмикалық сигналдың көздері, сейсмограммаларды қалыптастырудың негізгі принциптері (импульстік жауап, конволюция, корреляция, сейсмодатчиктер және олардың түрлері) туралы білім.

Сейсмикалық түсірілім түрлері, түсірілім параметрлерінің жобаның геологиялық-геофизикалық мақсаттарын шешу мүмкіндігіне әсері туралы түсінік.

Деректерді өңдеу графигінің құрамын, негізгі кезеңдер мен процедуралардың мәнін, деректерді өңдеу ретін түсіну.

Сигнал дегеніміз не, шу деп не есептеледі, шу мен кедергілердің түрлері, кедергілерді жою тәсілдері.

Деректерді өңдеуге қосымша (априорлық) деректердің қандай түрлері тартылатыны және олардың деректерді өңдеуге, уақыттық және тереңдік облыстарда қаншалықты пайдалы екендігі туралы базалық түсінік.

Математика негіздері (статистика, Фурье түрлендіруі, аппроксимация, базалық тригонометрия) туралы білім.

Интерпретация (құрылымдық, динамикалық) негіздері, УВ тұзақтарының, коллекторлардың, қабаттардың, миграция жолдарының түсінігі.

Кез келген тілде бағдарламалау дағдыларының болуы.

Ағылшын тілін техникалық әдебиетті оқу және түсіну деңгейінде меңгеру, ағылшын тілінде есептер, мақалалар жазу және презентациялар жасау дағдылары.

Егер екі немесе одан да көп кандидаттар міндетті талаптарға сай болса, ескерілетін қосымша талаптар:

Поле сейсморазведка партиясында және/немесе кез келген өңдеу пакеттерінде жұмыс тәжірибесі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Магистр

Міндетті түрде тілдерді білу

  • Ағылшын тілі (Орташадан жоғары)

Бағыттар бойынша сертификаттардың бар болуы қажет

  • Басқа