«ҚТЖ-Жүк тасымалдары» ЖШС - «ЖТ Семей бөлімшесі» филиалының Өскемен пайдалану локомотив депосын жөндеуді бақылау бөлімінің 1-санатты инженер-технолог

328000 - 348000
ТЧЭ-22 ЗАЩИТИНСКОЕ ЭКСПЛУАТАЦИОННОЕ ЛОКОМОТИВНОЕ ДЕПО 1 ГРУППЫ
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
0

Қаралған саны:
520

   Конкурс туралы

Құрметті талапкер!

Бос жұмыс орнына жауап бермес бұрын, Сізден, конкурстық іріктеудің міндетті шарттарымен танысуыңызды сұраймыз:

  1. Білім, тәжірибе, дағдылар және тағы басқа ұсынылатын деректердің дұрыстығына жұмыс іздеуші жауапты болады.

    Лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін түйіндемеде білімі мен жұмыс тәжірибесі туралы нақты мәліметтер болмаған жағдайда, «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутері ізденушіні конкурстық іріктеуге қатысуға жібермейді.

  2. Еңбек заңнамасының талаптарын ескере отырып, Сізге тиісті хабарлама берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің жоқтығы туралы анықтама беру қажет.

    Анықтама өзекті ақпаратты қамтуға тиіс және конкурстық іріктеу өткізілгенге дейін 2 (екі) айдан ерте алынбауға тиіс. Анықтаманы Egov электрондық порталы арқылы «Жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу» бөлімінен алуға болады.

  3. Егер Сіз басшылық/басқарушылық лауазымға үміткер болсаңыз, онда «ҚТЖ» ҰК» АҚ рекрутерінің сұрауы бойынша компанияға үлестестігі мен мүдделер қақтығысын тексеру үшін ұсынылған шаблондарға сәйкес 3 (үш) жұмыс күні ішінде мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

    1. мүдделер қақтығысы туралы декларация;
    2. үміткер мен оның жұбайының активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны тапсыру туралы мәліметтер (хабарлама);
    3. үміткер анкетасы.
  4. Егер Сіз «ҚТЖ» ҰК» АҚ бос жұмыс орындарына qsamruk.kz платформасы арқылы жауап берсеңіз, Сізден job.railways.kz платформасындағы түйіндемеңіз өзекті ақпаратты қамтитынына көз жеткізуіңізді сұраймыз.

Сізден жеке кабинеттегі тиісті хабарламаларды қарап отыруды сұраймыз.


Маңызды!

«ҚТЖ» ҰК» АҚ бос орындарға қызметкерлерді қабылдау/ауысудың әділ және ашық процесін жүзеге асырады.

Егер таңдаудың қандай да бір кезеңінде сізге қандай да бір ақшалай немесе басқа сыйақы үшін жұмысқа қабылдауға/аударуға көмектесу ұсынылса/кеңес болса - бұл алаяқтық!

Сіздерді алаяқтық схемаларға қатысудан және күнделікті сыбайлас жемқорлыққа үлес қоспаудан сақ болуға шақырамыз.

Осындай жағдайларды дереу 8 800 080 47 47 сенім телефонына және WhatsApp 8 771 191 88 16 телефондарына хабарлаңыз. Немесе mail@sk-hotline.kz электронды поштасына немесе ҚТЖ ҚОҚ ISPB мобильді қосымшасына хабарлаңыз.

Лауазымдық міндеттер:
  • Техникалық құрал-жабдықтардың, электронды басқару құрылғыларының, радиостанциялардың, KLUB-U есептері бойынша құжаттаманы жасайды және жүргізеді.
  • Локомотив жабдығын пайдаланудан шығарғаннан кейін пайда болған металл сынықтары бойынша құжаттаманы қалыптастырады және жүргізеді.
  • Локомотивтерді пайдалану алдындағы және комиссиялық тексерулер бойынша құжаттаманы жасайды және жүргізеді, «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотивтердің техникалық жағдайы мен жөндеуі туралы ақпаратты жасайды және қамтамасыз етеді.
  • ТО-5 негізгі локомотив жабдығының қозғалысы туралы есеп беру құжаттамасын жасайды және жүргізеді, локомотив жабдығын бөлшектеу актілерін, тауарлық-материалды құндылықтарды қабылдау және беру актілерін жасайды.
Біліктілік талаптары:
  • Білімі: жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
  • Саладағы мамандығы: Көлік, көліктік техника және технологиялар (локомотивтер және локомотив шаруашылығы); Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану (теміржол көлігінде тасымалдауды және басқаруды ұйымдастыру);
  • Жұмыс тәжірибесі: кемінде 2 жыл, оның ішінде машинист/машинист көмекшісі лауазымындағы жұмыс тәжірибесі.

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр
  • Маман
  • Магистр