«Ембімұнайгаз» АҚ бұрғылау және ҰКЖ қызметі инженері (ҰКЖ)
«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 2 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Лауазымдық міндеттемелер:
- Ұңғымаларды салумен, оқпандарды бүйірден тесумен, ұңғымаларды тереңдетумен, ҰКЖ-мен айналысатын мердігер кәсіпорындардың жұмыстары мен қызметтерін ұйымдастыру;
- Бұрғыланған ұңғымалар және ұңғымаларды күрделі жөндеу бойынша кәсіпшілік материалдарын жинау, оларды талдау, келесі ұңғымалардың құрылысын салу мен ҰКЖ үшін қорытындылар мен ұсынымдар дайындау;
- Ұңғымалар құрылысын салу мен ҰКЖ бойынша мердігер ұйымдардың шарттарына қатысты жұмыстарды орындау кестесін есепке алу және тексеру;
- Ұңғымалар құрылысын салу және ҰКЖ бойынша жұмыстардың ай сайынғы, тоқсандық және жылдық есептілігін жасау;
- Ұңғымаларды салуға, оқпанды бүйірден тесуге және ҰКЖ арналған жобалау-сметалық құжаттаманы жасауға кәсіпшілік материалдарын дайындау;
- Ұңғымалар құрылысын салу және ҰКЖ кезіндегі апаттарды тергеу жөніндегі комиссия жұмысына қатысу;
- Ұңғымалар құрылысын салу және ҰКЖ жұмыстар мен қызметтерге техникалық сипаттама дайындау;
- Бұрғылау басталғанға дейін бұрғылау қондырғысы мен жабдығының техникалық күйі мен жұмыс қабілеттілігін тексеру бойынша аудит және іске қосу алдындағы кеңестерге қатысу;
- Жұмыстардың негізгі кезеңдерінде (шегендеу құбырларын түсіру, цементтеу, цемент көпірлерін орнату, МГРП, ұңғымаларды игеру және сынау және т.б.) тікелей қатысу жолымен ұңғымалар құрылысының сапасын бақылау және бұрғылау технологиясы мен ҰКЖ сақталуын бақылау;
- Бұрғылау және ҰКЖ кезінде жұмыстар жоспарын келісу;
- Жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін тендерлік құжаттаманы дайындау және ұңғымаларды салу мен жөндеуге арналған шарттарды дайындау;
- Қызметтің жұмыс уақытын есепке алу табелін ай сайын жүргізу;
- Қызметтің іс қағаздарын жүргізу.
Талаптар:
Білімі (мамандық/біліктілік) : жоғары техникалық білім
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: бұрғылау жұмыстары мен ҰКЖ ұйымдастыру жұмыстары бойынша практикалық тәжірибе, кемінде 2 жыл
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : бұрғылау және ҰКЖ саласында кемінде 2 жыл
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:
- Ұңғымаларды және ҰКЖ бұрғылауға арналған өндірістік-техникалық құжаттаманы әзірлеу талаптары мен тәртібі;
- Бұрғылау технологиясы мен ҰКЖ негіздері, жұмыс ауданының жабдықтары мен геологиялық ерекшеліктерін білу;
- Бұрғылаумен және ұкж-мен байланысты техникалық міндеттерді талдай және шеше білу;
- Бұрғылау жабдықтарын пайдалану, бұрғылау және жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша ҚР өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарын білу;
- Бұрғылау және ҰКЖ, жер қойнауын және қоршаған ортаны қорғауды пайдалану саласындағы нормативтік құқықтық актілер.
Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- MS Office (Word, Exsel, Power Point, Outlook) жұмыстар дағдысының деңгейі;
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау негіздерін, қағидалары мен нормаларын білу;
- Есептеу және ұйымдастыру техникасы, коммуникация және байланыс құралдарын иелену;
- Іскерлік қарым-қатынас этикасын білу;
- Еңбек тәртібі ережелерін білу;
- Еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғау негіздерін, қағидалары мен нормаларын білу.
Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: «Ембімұнайгаз» АҚ, Атырау қ.
Жұмыс кестесі - 5/2
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру