Ұлттық жобаны іске асыру және өңірлік даму жөніндегі құрылыс департаментінің Ақмола, СҚО, Қостанай және Ұлытау облыстары бойынша өңірлік басшысы

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
38

Қаралған саны:
783

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • бастапқы рұқсат құжаттамасын жинау бойынша бақылау;
  • мердігерлерге жобалық-сметалық құжаттаманы (әрі қарай – ЖСҚ), жер учаскесін және құрылыс-монтаждау жұмыстарын (әрі қарай – СМЖ) бастау үшін талонды беру бойынша бақылау;
  • құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу барысына бақылау;
  • техникалық және авторлық бақылау;
  • орындалған жұмыстардың актілерін қабылдау және рәсімдеу;
  • жеткізілетін технологиялық (әрі қарай – ТХ) жабдықтар мен жиһазды қабылдау және бақылау;
  • орындаушы құжаттаманы жинау бойынша бақылау;
  • объектілерді пайдалануға қабылдауға қатысу;
  • аймақтық бөлімшеге қойылған міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету;
  • қажет болған жағдайда, бекітілген аймақтағы қоғам қызметкерлерімен өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеуге қатысу;
  • адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс берушінің мүлкі мен қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлар туралы жұмыс берушіге хабарлау;
  • аймақтық бөлімше директорының, Департамент директорының және қоғам басшылығының тапсырмаларын орындау.

Талаптар:

  • жоғары кәсіби білім (лауазым профиліне сәйкес)
  • мамандық бойынша жұмыс тәжірибесі (ЖОО-да оқу уақытын есептемегенде) лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда кемінде 5 (бес) жыл, соның ішінде жобалар жетекшісі немесе жобалардың бас инженері ретінде немесе «Самұрық-Қазына» АҚ-ның топтарында кемінде 1 (бір) жыл;

Шарттар:

  • Астана қ., Сығанақ к., 17/10;
  • 5/2, дүйсенбіден жұмаға дейін, 09:00-ден 18:30-ға дейін, түскі ас 13:00-ден 14:30-ға дейін;
  • KPI-ді орындау бойынша сыйақы төлемдері.