«Ембімұнайгаз» АҚ «Қайнармұнайгаз» МГӨБ еңбекке ақы төлеу және қызметкерлерді басқару бөлімінің кадрлар жөніндегі маман

«Ембімұнайгаз» АҚ Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 1 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Вахталық әдіс
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
142

Қаралған саны:
2059

   Конкурс туралы

Лауазымдық міндеттемелер:

  1. Жұмыскерлердің еңбек тәртібін сақтауына бақылау жүргізу;
  2. Басқарма қызметкерлері іссапарларының барлық түрлері бойынша бұйрықтарды дайындау, ресімдеу және бухгалтерияға тапсыру, оларды тіркеу журналын жүргізу, Басқарма қызметкерлеріне іссапар куәліктерін ресімдеу, есепке алу және беру;
  3. Бөлімдер мен цехтардан, учаскелерден қызметкерлерді оқыту, біліктілігін арттыру курстарына, семинарларға жіберу бойынша өтінімдер алу, Басқарма қызметкерлерін оқыту жоспарын дайындау;
  4. Басқарма қызметкерлерін оқыту бойынша шарттар жасау және «Персоналды басқару» ПК персоналын есепке алу бойынша автоматтандырылған жүйеде қызметкерлердің өткен оқулары бойынша деректер базасын жүргізу;
  5. AVR электрондық жүйесінде көрсетілген қызметтер актісін жасау және қол қою үшін оқытылған қызметкерлер бойынша оқу орталықтарымен салыстыру;
  6. Басқарманың құрылымдық бөлімшелерінде жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері мен оқушыларының өндірістік, диплом алдындағы практикадан өту процесін ұйымдастыру;
  7. Жұмысшылардың жыл сайынғы кәсіби шеберлік конкурсын өткізу туралы құжаттарды дайындау;
  8. Регламентке сай «Үздік маман» конкурсын өткізу;
  9. «Қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу әдістемесіне» сәйкес аттестаттаудан өткізуді дайындау және ұйымдастыру. Бағалау және аттестаттау қорытындылары бойынша деректер базасын жүргізу;
  10. Компанияның сұрауына сай оқыту бойынша ай сайынғы және жылдық есепті және қызметтік іссапарлар бойынша есепті дайындау;
  11. Басқарманың жас мамандарымен жұмысты ұйымдастыру;
  12. Компания қаражаты есебінен оқуға ақы төлеуге кандидат студенттердің құжаттарын жинау;
  13. Цехтардың бастықтарымен/бастықтарының орынбасарларымен бірлесіп, дуальді оқитын студенттерге арналған күнтізбелік жоспар жасау, дуальді оқитын студенттердің аралық және қорытынды емтихандарын ұйымдастыру, бағалау парақтары мен хаттамаларын дайындау;
  14. Дуальды оқитын студенттерге арналған бұйрықтар дайындау және дуальді оқитын студенттердің еңбек кітапшаларын толтыру;
  15. Оқудан өткендерден сауалнамалар жинау және оқудың тиімділігі бойынша есептер дайындау;
  16. Ағымдағы сақтаудың белгіленген мерзімі өткеннен кейін бөлім құжаттарын дайындау және Басқарма архивіне тапсыру;
  17. Басқарма аппаратының қызметкерлері үшін қажеттілігіне қарай автокөлікке өтінімдерді ресімдеу;
  18. Бөлім бастығының жекелеген қызметтік тапсырмаларын орындау..



Талаптар:

Білімі (мамандық/біліктілік) : Жоғары экономикалық/құқықтық/гуманитарлық білімі
Қызмет профилі бойынша жұмыс тәжірибесі: кемінде 1 жыл (қызметкерлерді оқыту және дамыту саласында)
Басқару тәжірибесі: талап етілмейді
ҚМГ компаниялар тобында/мұнай газ саласында жұмыс тәжірибесі : кемінде 1 жыл


Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті білім:

  1. Қызметтік міндеттерін орындауға қажетті деңгейде мемлекеттік тілді меңгеруі;
  2. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары;
  3. ҚР Еңбек кодексі;
  4. Кадрлық іс қағаздарын жүргізуді және бөлім қызметін реттейтін өзге де ішкі актілерді білуі;
  5. «Акционерлік қоғамдар туралы», «Кәсіптік одақтар туралы», «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Жеке деректер және оларды қорғау туралы» ҚР-ның заңдары;
  6. «Соттардың еңбек дауларын шешу кезінде заңнаманы қолдануының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы және өзге де құқықтық актілер;
  7. Іссапарға жіберілген, науқастар бойынша есепке алу және есептерін жасау тәртібі.

 

Лауазымдық міндеттемелерді орындау үшін қажетті дағдылар:

  1. Пайдаланушы деңгейінде компьютерде жұмыс жасай білу дағдысының болуы;
  2. Тәжірибелі пайдаланушы деңгейінде ПО MS Office (Word, Excel, PowerPoint, Outlook, Directum) Internet-браузерлермен жұмыс жасау дағдысының болуы;
  3. Офистік оргтехникамен жұмыс жасай білуі;
  4. Іскерлік қарым-қатынас этикасын білуі;
  5. Коммуникативті қабілетінің болуы;
  6. Қарым-қатынастың (ауызша, жазбаша) және тиімді тұлғааралық өзара іс-қимылдың жоғары деңгейі, келіссөздер жүргізу дағдыларының болуы.

 

Жұмыс шарттары:
Жұмыс орны: «Қайнармұнайгаз» МГӨБ
Жұмыс кестесі – вахтатлық әдіс 7/7
Әлеуметтік пакет
Медициналық сақтандыру