Құқықтыұ сүйемелдеу департаментінің бас менеджері

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
47

Қаралған саны:
1129

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  •  Қоғамның қызметіне қатысты нормативтік актілер жобаларын әзірлеуге басқа құрылымдық бөлімшелермен бірге қатысу;
  •  Қоғамның қызметі шеңберінде инвестициялық жобаларды құқықтық сүйемелдеу, заңды сараптама жүргізу;
  •  Қоғамның атынан барлық сот инстанцияларына, мемлекеттік органдарға талап-арыздар, жауаптар, қарсылықтар және басқа құжаттарды дайындауға қатысу;
  •  Сот жұмысы бойынша Қоғамның мүдделерін қорғау мақсатында барлық сот инстанцияларында, мемлекеттік органдарда өкілдік ету;
  •  Сот дауларын қарау анализі, Қоғамның қызметін жақсарту мәселелерін басшылыққа қою;
  •  Инвестициялық қызметті реттейтін ішкі құжаттардың жобаларын әзірлеу, локалдық актілердің заңдылығын тексеру;
  •  Келісім-шарттар, келісімдер жобаларын құқықтық сараптау, жобалық қаржыландыру шеңберінде типтік келісімдер мен келісімдер әзірлеу;
  •  Қоғамның тауарлар, жұмыстар және қызметтер сатып алу процесін құқықтық қамтамасыз ету;
  •  Сатып алу кезінде тендерлік комиссияларда қатысу;
  •  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан ішкі нормативтік құжаттарды құқықтық сараптау;
  •  Қоғамның басқа құрылымдық бөлімшелерімен бірге келісім-шарттар, келісімдер жобаларын құқықтық сараптау;
  •  Қоғамның қызметі барысында туындайтын құқықтық мәселелер бойынша қорытындылар жасау;
  •  Қоғам қызметкерлеріне құқықтық мәселелер бойынша ауызша консультациялар беру;
  •  Қоғамның басқару және бақылау органдарының заңдылығын қамтамасыз ету;
  •  Қоғамның қызметін реттейтін құжаттаманы әзірлеу;
  •  Сараптамаға келіп түскен құжаттаманы құқықтық сараптау;
  •  Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестігін алдын ала тексеру, бұйрықтар, нұсқаулар, басқа ұйымдастырушылық-реттеуші құжаттар;
  •  Департаменттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша құқық қорғау, мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен өзара әрекеттесу;
  •  Қоғамның қызметі бойынша мемлекеттік органдармен жұмыс;
  •  Департаменттің құжат айналымын қалыптастыру бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету, сақтау үшін архивке құжаттарды тапсыру;
  •  Қоғамда еңбек тәртібін нығайту, қызметкерлердің Қоғамға зиян келтіру фактілерін тоқтату бойынша іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
  •  Атқарушы өндірістер шеңберінде сот орындаушыларымен, банкроттық және реабилитациялық басқарушылармен өзара әрекеттесу.

Талаптар:

  • жоғары заңгерлік білім және мамандық бойынша жұмыс өтілі (ЖОО-да оқу уақытын есептемегенде) 5 (бес) жылдан кем емес;
  •  жоғары кәсіби білім және мамандық бойынша жұмыс өтілі (ЖОО-да оқу уақытын есептемегенде) 5 (бес) жылдан кем емес, соның ішінде басшылық лауазымдарда 1 (бір) жылдан кем емес немесе «Самрук-Қазына» АҚ-ның топ компанияларында 1 (бір) жылдан кем емес жұмыс;
  •  екінші деңгейлі банктерде жұмыс тәжірибесі, заңды және жеке тұлғалардан қарызды өндіріп алу тәжірибесі, корпоративтік басқару/корпоративтік құқық саласында құжаттарды қарау тәжірибесі артықшылық болып табылады.

Шарттар:

  • 5/2, дүйсенбіден жұмаға дейін, 09-00-ден 18-30-ға дейін, түскі ас 13-00-ден 14-30-ға дейін;
  • Уақытында жалақы төлеу, KPI орындау бойынша сыйлықақылар;
  • Ерікті медициналық сақтандыру;
  • Қызметкерлерді тасымалдау.