Энергетикалық жабдықтарды пайдалану жөніндегі инженері

«Karabatan Utility Solutions» ЖШС Атырау қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 3 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос орын жабылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
53

Қаралған саны:
1185

   Конкурс туралы

Міндеттері:

  • энергетикалық жабдықтардың, электр және жылу желілерінің үздіксіз жұмысын, дұрыс пайдалануын, жөндеуін және жаңартылуын қамтамасыз етеді;
  • өндірістің отын-энергетикалық ресурстарға қажеттілігін анықтайды, энергетикалық шаруашылықты техникалық қайта жарақтандыру, дамыту, энергиямен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау және жаңарту бойынша қажетті негіздемелерді дайындайды;
  • энергетикалық шаруашылықты пайдалану үшін қажетті жабдықтарды, материалдарды, запастарды сатып алу бойынша өтінімдер жасайды, энергия ресурстарын үнемдеу бойынша іс-шаралардың негіздемелерімен есептеулер жүргізеді, ұйымның бөлімшелерінің электр, жылу және басқа энергия түрлеріне қажеттілігін анықтайды, энергияға қажеттіліктеріне қарай бөлімшелердің жұмыс режимін әзірлеуге қатысады;
  • отын және барлық энергия түрлерінің шығын нормаларын сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • энергетикалық жүйенің максималды жүктемелері кезінде энергетикалық жүктемелерді азайту графиктерін құрастырады және оларды ұйымның бөлімшесіне белгіленген мөлшерде орындауды қамтамасыз етеді, ұйымдағы энергетикалық, электрлік және экологиялық құрылғылардың паспортизациясын жүргізеді;
  • энергетикалық құрылғылар мен желілерді өнеркәсіптік пайдалану үшін сынақтан өткізу және қабылдау, энергетикалық жабдықтың апат себептерін қарастыру және олардың алдын алу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады;
  • релейлік қорғау және автоматика құралдарын тексеру және сынақтан өткізу ұйымдастырады;
  • ұйымда қолданылатын бақылау-өлшеу, электротехникалық және жылу техникалық құралдарға техникалық бақылауды жүзеге асырады, сондай-ақ, қабылдау, тексеру және мемлекеттік бақылау органдарының куәландыруы үшін бу және ыстық су құбырлары, қысыммен жұмыс істейтін котлалар, ыдыстар, электр қондырғылары және басқа энергетикалық шаруашылық объектілерін дайындауды қамтамасыз етеді;
  • энергоқұралдарды және электр желілерін пайдалану, техникалық қызмет көрсету және бақылау бойынша нұсқаулықтардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
  • энергетикалық жабдықтарға стандарттар мен техникалық шарттарды әзірлеу және енгізуге қатысады;
  • энергоқұралдарды күрделі және басқа жөндеулердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • энергоқұрылғылар мен желілерді пайдалану және жөндеу кезінде еңбек қауіпсіздігі мен қорғау нормалары мен тәртібін сақтауды қамтамасыз етеді;
  • бекітілген формалар мен көрсеткіштер бойынша есептілікті дайындайды.


Талаптар:

  • сәйкес мамандық бойынша жоғары білім
  • кемінде 3 жыл


Шарттар:

Қажетті қабілеттер

  • Энергоресурсы