"ҚМГ Инжиниринг"ЖШС мұнай, газ және суды тасымалдау және дайындау технологиясы басқармасының жетекші инженері

ҚМГ Инжиниринг Астана қ.
Қажетті жұмыс тәжірибесі: 5 жылдан Еңбекпен толық қамтылу, Толық күн
Бос жұмыс орын тоқтатылды
Құрылған күні:

Берілген өтінім:
30

Қаралған саны:
685

   Конкурс туралы
Талаптар
Лауазымдық нұсқаулық бойынша біліктілік талаптары
Талап етілетін біліктілік
Білімі (жоғары, мамандық/біліктілік) Жоғары кәсіби (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі).
Кәсіби саладағы жұмыс өтілі Кемінде 5 жыл, оның ішінде кемінде 2 жылы ұлттық және/немесе халықаралық компанияларда және/немесе лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда болғаны жөн.
Бейіні бойынша ұлттық және/немесе халықаралық компаниялардағы және/немесе функционалдық бағыттарға сәйкес салалардағы жұмыс өтілі
Басшылық лауазымдардағы жұмыс өтілі Қажет емес
Лауазымдық міндеттерді орындау үшін қажетті білім:
- Қазақ тілін білуі;
- Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласындағы заңнамасын білуі;
- Өндірісті энергетикалық қамтамасыз ету бойынша нормативтік және әдістемелік материалдарды білуі;
- Жоспарлы-ескерту жөндеу жүйесі мен жабдықтарды ұтымды пайдаланудың бірыңғай жүйесін білуі;
- Өндірістік қуаттарды, энергетикалық жабдықтардың техникалық сипаттамаларын, конструкциялық ерекшеліктерін және жұмыс режимдерін, сондай-ақ оларды пайдалану ережелерін білуі;
- Жабдықтардың жұмысын жоспарлау мен жөндеу жұмыстарын жүргізу тәртібі мен әдістерін білуі;
- Жабдықты монтаждан кейін және жөндеуден соң қабылдау және тапсыру ережелерін білуі;
- Энергетикалық жабдықтарды пайдалану, жөндеу және жаңғырту кезінде еңбекті ұтымды ұйымдастыру талаптарын білуі;
- Отын-энергетикалық ресурстардың шығын нормаларын әзірлеу тәртібін білуі;
- Кәсіпорынды электр энергиясымен, бумен, сумен және басқа да энергия түрлерімен қамтамасыз етуге арналған шарттарды жасасу тәртібін білуі;
- Өнеркәсіптік, өртке қарсы және экологиялық қауіпсіздік саласындағы білімдер;
- MS Office (Word, Excel, Outlook, PowerPoint, Project), Skype for Business, СЭҚ Directum сияқты стандартты бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеруі.
Міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар:
- Салалық және кәсіпорындағы өндірісті энергетикалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру дағдылары;
- Энергоресурстардың шығын нормаларын төмендету, энергияқондырғылардың сенімді, үнемді және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін жаңа техниканы енгізу бойынша іс-шараларды әзірлеу дағдылары;
- Өндірісті энергетикалық қамтамасыз ету саласындағы озық отандық және шетелдік тәжірибе;
- Ақпаратты жүйелеу және талдау, құжаттаманы қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдана отырып есепке алу және жүргізу дағдылары;
- Талдау жасау, қорытындылар мен ұсынымдар әзірлеу дағдылары;
- Жобаларды сүйемелдеу дағдылары;
- Орындалған жұмыстар нәтижелері бойынша презентациялар дайындау дағдылары;
- Командалық жұмыс істеу, лауазымды тұлғалармен тиімді ынтымақтастық орнату дағдылары;
- Құжаттаманы жүйелеу, есепке алу және қазіргі технологияларды қолдана отырып жүргізу дағдылары;
- Есептеу техникасын, коммуникация және байланыс құралдарын пайдалану дағдылары.
Осы лауазым бойынша функционалдық міндеттер:
- Энергетикалық жабдықты пайдалану, отын-энергетикалық ресурстарды үнемдеу және ұтымды пайдалану саласында ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
- ДЗО КМГ кен орындарында энергетикалық жабдықты пайдалану саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-өндірістік жұмыстардың нәтижелерін енгізу бойынша ұсыныстар береді;
- Мұнай, газ және суды жинау, ішкіөрісті тасымалдау және дайындау бөлігінде ДЗО КМГ жылдық өндірістік бағдарламалары, индикативтік жоспарлары мен іс-шаралары жобаларын қарайды және ұсыныстар береді;
- Зерттелетін кен орындары бойынша ақпарат алу мақсатында компаниялармен және мұнай өндіруші кәсіпорындармен жұмысты ұйымдастырады;
- Басқарма қызметкерлері арасында міндеттерді бөлу жұмыстарын үйлестіреді және олардың орындалуын бақылайды;
- Басқарма құзыретіне кіретін жұмыстарды қазіргі заманғы мамандандырылған бағдарламалық кешендерді қолдана отырып орындайды;
- Стандартизациялау саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарды, сондай-ақ Серіктестіктің ішкі құжаттарын өзектендіреді;
- Қадағалаудағы жобалар бойынша басшылыққа есептілікті ұсынады;
- Еңбек шартымен және осы лауазымдық нұсқаулықпен жүктелген міндеттерді орындайды;
- Өзіне жүктелген міндеттерді орындау кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының, Серіктестік Жарғысының және ішкі құжаттарының талаптарын сақтайды;
- Еңбек және орындаушылық тәртіпті сақтайды;
- Қызметінің мазмұны мен бөлім жұмысына қатысты тікелей басшысының өзге де тапсырмаларын орындайды;
- Осы нұсқаулықта көрсетілген уақытша болмаған қызметкерді алмастырады.
Ерекше шарттар: *
жоқ
Ескерту: **
Энергетикалық жабдықты пайдалану

Анықтама:
* Сирек кездесетін мамандардың қажеттілігі және бос жұмыс орнының күрделілігі туралы ақпарат.
** Босатылған позиция туралы ақпарат (қызметкермен еңбек шартын бұзу, ұйымдық құрылымды өзгерту кезінде, оқу демалысы, жүктілік және босану бойынша демалыс, жалақы сақталмайтын демалыс (ұзақ демалыс), зейнеткерлік жасқа жеткен қызметкердің зейнетке шығуы және т. б.)

Қажетті білім дәрежесі

  • Бакалавр